“ИЛҺАМ – ШАБЫТ” ТӘУЕЛСIЗ СЫЙЛЫҒЫНА КIМ ИЕГЕР?!

“ИЛҺАМ – ШАБЫТ” ТӘУЕЛСIЗ СЫЙЛЫҒЫНА КIМ ИЕГЕР?!

“ИЛҺАМ – ШАБЫТ” ТӘУЕЛСIЗ СЫЙЛЫҒЫНА КIМ ИЕГЕР?!
ашық дереккөзі
318

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы өз ретiмен жүзеге асып келедi. Бәрiмiзге айқын, Жолдауда маңызды бағыт алатын да осы мәдени мұрамызды насихаттау. Сондықтан да "Мәдениет — барлық нәрсе ұмыт болғанда да мәңгi өмiр сүретiн шынайылық" деген дана сөздiң өзi кiм-кiмдi болсын тебiрентiп тастайтынына дау жоқ.

Әлбетте, қазақ мәдениетiн ұрпақтан-ұрпаққа аманат етiп, оны байыта түсу бiзге жүктелген мiндет. Мәдениеттi жаратушы халықтың өзi екенiн ескерсек, осы бар жан дүниесiн ұлағатты iске арнап, баршаға ортақ мұраны өмiрге келтiрiп, болашақ ұрпаққа қазына етiп сақтап келе жатқан жандарға қамқорлық етуге мемлекет те, әр азамат та борышты. Осы мақсатта "Өнеркәсiпшiлер, кәсiпкерлер және ауылшаруашылық жұмысшылары ассоциациясы" Республикалық қоғамдық қоры құрамында меценаттар клубы құрылған болатын. Аталған клуб табыстаған "Илһам" – "Шабыт" тәуелсiз сыйлығы мәдени мұрамызды түгендеп, ел атын әлемге әйгiлi етiп келе жатқан азаматтарды қолдап, олардың ертеңгi күнi үнемдi жұмыс iстеп, баға жетпес қазынамызды әрi қарай байытуға бағытталған. Демек, меценаттық әдет-ғұрыпты қайта тiктеген қауымдастық мүшелерiнiң мұрындық болуымен биыл да "Илһам" – "Шабыт" тәуелсiз сыйлығы жалғасын тауып, өз иесiн табуға асығуда. Атап айтсақ, сыйлық "Ғылым", "Әдебиет", "Бiлiм беру", "Бейнелеу өнерi", "Спорт", "Музыка", "Театр", "Халықаралық және дiнаралық татауластықты, тыныштықты нығайтуға қосқан шексiз үлесi үшiн" номинациясы бойынша табыс етiледi.

"Илһам" – "Шабыт" тәуелсiз сыйлығының басты мақсаты – шығармашылықпен айналысып, мәдени мұраларымыздың сақталып, қазақ елiнiң дамуы үшiн бар қажыр-қайратын жұмсап келетiн қауымға жiгер көрсетiп, қолдау беру.

Айта кетерлiгi, әр сала мамандарын қамтыған "Илһам" – "Шабыт" тәуелсiз сыйлығына ие болған жүлдегерлер саны өткен жетi жыл аралығында 50-ден асқан. Ал биыл бұл сыйлық 2005-2007 жылдар аралығындағы еңбектердi бағалап, қорытынды нәтиже шығару үстiнде. Жүлдегерлер есiмi тәуелсiз комитет шешiмiмен арнайы әлеуметтiк сұрақ-жауаптың нәтижесiнде анықталмақ. Сонымен, "Илһам" – "Шабыт" тәуелсiз сыйлығын табыс ету салтанаты М.Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттiк академиялық драма театры шаңырағында ағымдағы жылдың 22 қаңтар күнi сағат 18.00-де басталады.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары