ҚОЖАНОВҚА ТАҒЗЫМ

ҚОЖАНОВҚА ТАҒЗЫМ

ҚОЖАНОВҚА ТАҒЗЫМ
ашық дереккөзі
302

"Қазақстан" баспасынан көрнектi мемлекет қайраткерi Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (Ходжанов) жайында жазылған жаңа кiтап жарық көрдi (Б. Қойшыбаев. "Сұлтанбек Қожанов", Алматы, 2007 ж.). Бұл ғұмырнамалық деректi хикаяттың авторы – жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбiт Орынбекұлы Қойшыбаев.

Оның көпшiлiк назарына ұсынылып отырған осы кiтабында 1917 жылғы революциялар толқынында жарқырап шыққан Орта Азия мен Қазақстан тарихында көрнектi тұлғалардың бiрiнiң өмiр жолы мен қызметi жан-жақты баяндалған. Кiтаптың басты кейiпкерi Сұлтанбек Қожанов – Алашорда дәуiрiнен бастап қазақ жер-суын бiр шаңраққа бiрiктiру жағында болған iрi тұлға. Кеңес заманында оны жүзеге асырушылардың алдыңғы сапында жүрдi. Түркiстан Республикасы мен Қазақ Республикасының жоғары басшылығында ұлт мүддесi үшiн жанқиярлықпен қызмет еттi. Сталиндiк тiзiмге iлiгiп, саяси репрессия құрбаны болды. Қайраткердiң саяси күрескер ретiнде қалыптасуы және елiмiздiң ұлттық республика етiп құруға сiңiрген ерен еңбегi — бүгiнгi тәуелсiздiк азаматтарына Отанды сүюдiң тамаша тарихи үлгiсiн көрсетедi.

Г.Тұрғанбайқызы

Серіктес жаңалықтары