"БТА Банкi" АҚ республикалық ақындар мүшәйрасына бәйге жариялайды

"БТА Банкi" АҚ республикалық ақындар мүшәйрасына бәйге жариялайды

"БТА Банкi" АҚ республикалық ақындар мүшәйрасына бәйге жариялайды
ашық дереккөзі
269

Мүшәйраның мақсаты: халқымыздың ақындық өнерiн дамыту, жас дарындардың есiмдерiн анықтау, қазақ әдебиетiн насихаттау және ұлттық мәдениетiмiзге қолдау көрсету. Мүшәйрада қазақстандықтардың Отанға деген сүйiспеншiлiгi, халқымыздың салт-дәстүрi, республикамыздың бүгiнгi жетiстiктерi ұлықтанады.

Бәйге көлемi:

Бас бәйге бiреу — 1 000 000 теңге;

Бiрiншi бәйге бiреу — 700 000 теңге;

Екiншi бәйге екеу — 400 000 теңгеден;

Үшiншi бәйге үшеу — 300 000 теңгеден.

Екi арнаулы сыйлық — 500 000 теңгеден. Бiр ынталандыру сыйлығы — 100 000 теңге.

Жүлделi орындардың кейбiрiне лайықты шығармалар болмаған жағдайда қазылар алқасы тиiстi жүлденi басқа үмiткерлерге бөлiп беруге құқылы. Қазақстанға белгiлi ақындардан құралатын қазылар алқасының шешiмi қайта қарауға жатпайды.

Жүлде алған шығармалар кiтап болып шығады.

Бәйге жеңiмпаздары үстiмiздегi жылғы қазанның 17-сi күнi поэзия кешiнде марапатталады. Марапаттау салтанатының өтетiн жерi мен уақыты баспасөз беттерiнде қосымша хабарланатын болады.

Мүшәйраның тәртiбi:

Бәйгеге Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын жас ақындар да және белгiлi ақындар да қатыса алады (жiберiлген шығармалар бүгiнгi қазақ әлiпбиiмен, яғни кириллицамен жазылуы мiндеттi). Бәйгеге қатысу үшiн 3 поэзиялық туынды қабылданады, бiрiншi туынды – отаншылдық, екiншi туынды – туған елiмiздiң жетiстiктерi жөнiнде, ал үшiншi туынды – еркiн тақырыпта жазы¬луы тиiс. Әрқайсысының көлемi 5 беттен аспауы керек. Бұрын жарық көрген шығармалар қабылданбайды. Шығарманы iрiктеу кезiнде тақырыптың ашылуы, тiлдiк қоры, көркемдiлiгi және нақтылығы ескерiледi.

Ескерту: Автордың бүркеншiк атымен жазылған шығармалар үш дана етiп басылып және жеке кiшкене конвертке автордың бүркеншiк аты ( Автордың аты-жөнi, жасы, оқитын жерi немесе жұмыс орны, мекен-жайы, автордың байланыс телефоны, егер болса электронды поштасының адресi) қоса жазылып, желiмденiп, олар үлкен конверттiң iшiне бiрге салынып жiберiлуi тиiс.

Шығармалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2008 жылғы 15 қыркүйекке дейiн "Мүшәйраға" деген белгiмен мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесi, 66, 404- бөлме, "БТА Банкi" АҚ бренд-кеңсесi. Телeфондары: 8 (727) 2 505 306, 2 618 971.

Шығармалардың электрондық нұсқасы автордың әдеби бүркеншiк атымен мына электронды адрестерге мiндеттi түрде жiберiлуi қажет: begmanov@bta.kz, S_nurgalieva@bta.kz.

Ұйымдастыру комиссиясы

Серіктес жаңалықтары