428
Морис Бюкай:
Морис Бюкай:
Аз-кем сөз. Өткен ғасырдың соңғы ширегiнде Францияда философ Роже Гароди, хореограф Морис Бежар, океанолог Жак-Ив Кусто мен хирург Морис Бюкай сияқты атақты оқымысты-ғалымдардың тұтас бiр тобы Исламды қабылдап қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Тiптi, араларында тiлiн кәлимаға келтiрiп Әбдiлмәжит деген арабша ат алған католик пiрадары Жан-Мари Дюшемен де болды. Көпшiлiк бұларды бiле бермейдi. Ендi осы адамдардың дiн исламға келу жолын баяндаймыз.
Морис Бюкай — есiмi Францияның символы ретiнде аталатын адамдардың бiрi. Ата-анасы таза тектi француздар болды. Мектептi бiтiргеннен кейiн медицина университетiне оқуға түседi. Кейiн дәрiгердiң дипломын алып, Франциядағы ең бiлiктi де бiлiмдi хирургтердiң бiрi атанды. Франция әуелден археология мен көне мұраларға көп көңiл бөлетiндiгiмен аты шыққан ел. 1981 жылы Франсуа Миттеран билiк басына келгенде, перғауынның мумиясын зерттеу үшiн Франция Мысырдан оның табытын алдырады. Көп ұзамай Мысырдың тарихындағы ең қатiгез патшаның денесi Францияға жеткiзiлдi. Әуежайда оны француз президентi мен елдiң жоғары лауазымды шененiктерi құрметпен күтiп алады. Кезiнде Мысырлықтарға “Мен сендердiң Тәңiрлерiңмiн!” деп жар салған әйгiлi перғауынның табыты салтанатты рәсiмнен соң археологиялық зерттеулер институтына әкелiндi. Онда француздың атақты археологтары, хирургтерi мен анатомдары құпиясын ашу үшiн мумияны зерттеуге кiрiседi.. Морис Бюкай осы жұмыс тобының жетекшiсi және хирургтардың басшысы болып бекiтiледi. Профессордың қарамағында iстегендердiң барлығы мумияны қайта қалпына келтiруге талпынады. Бiрақ Морис Бюкайды басқа нәрсе қызықтырды. Ол ең алдымен перғауынның қалай өлгенiн бiлгiсi келдi. Бiр күнi түннiң ортасына қарай зерттеу жұмыстарының нәтижесi шықты. Онда денесiне жабысып қалған тұздан, перғауынның суға батып өлгенi дәлелденедi. Кейiн көз жұмған патшаның денесiн “аман сақтап қалу үшiн” судан шығарып, бальзамдағаны анықталды. Алайда ғалымдарды таңғалдырған басқа жәйт едi. Оларды, “бұл мумия өзгелерiмен салыстырғанда қалай жақсы сақталған?” деген сұрақ мазалады. Зерттеу нәтижесiн негiзге алған Морис Бюкай өзiнiң соңғы шешiмiн жұртқа естiртуге қамдана бастайды. Ол, батып кеткеннен кейiн перғауынның денесi судан шығарылып бальзамдалған деген тоқтамға келедi.. Бiрақ осы кезде оның әрiптестерiнiң бiрi ғалымның құлағына былай деп сыбырлады.. “Асықпаңыз. мұсылмандар перғауынның суға батып өлгенiн баяғыда айтқан.”. Алайда профессор бұған сенген жоқ. Өйткенi мұндай дүниенi дәлдiкпен жасалған арнайы аспаптар мен қазiргi заманғы технологияның көмегiнсiз iске асыру мүмкiн емес. Бiрақ профессорға әлгi әрiптесi Құранда перғауынның суға батып өлгенi мен бақилық болған соң кейiнгiлерге ой тастау үшiн оның денесi сақталатыны жазылғанын, мұсылмандардың оқиғаның дәл осылай өрбiгенiне имандай сенетiнiн жеткiздi. Бұл жәйт ғалымды одан әрi ой тұңғиығына алып кеттi. Сонда қалай, мумия осыдан екi жүз жыл ғана бұрын 1898 жылы табылды емес пе? Ал Құранға мың төрт жүз жыл болған.. Ежелгi мысырлықтардың перғауындарының денесiн бальзамдағанын бүкiл адамзат жақында ғана бiлген жоқ па?… Сан сауалдарға жауап iздеген Морис Бюкай түнi бойы мумияның жанында болып, суға батып кеткеннен кейiн перғауынның денесi қайта “құтқарылғанына” мұсылмандар күмәнсiз сенедi деген әрiптесiнiң сөзiн ой елегiнiн өткiздi. Ал Тәуратта перғауынның Мұсаны қуып келе жатып суға батып кеткенi ғана айтылған. Оның денесi туралы бiрде-бiр жерде сөз қозғалмайды. Професор ендi өзiне сұрақ қоюға көштi: “Менiң алдымдағы Мұсаны қуған перғауынның денесi болуы мүмкiн бе? Мен бұны бүгiн ғана бiлiп тұрғанда, қалайша ол Мұхаммедке мыңдаған жылдар бұрын мәлiм болған?! Морис Бюкай түнiмен көз iлген жоқ. Ол өзiне Тәуратты әкеп берудi өтiндi. Кiтаптан: “Су керi қайтып перғауынның әскерi мен арбаларын басып қалды. Перғауынға iлесiп келгендердiң барлығы тұңғиыққа батты” деген сөздердi оқыды. Бұл одан әрi пофессордың дегбiрiн қашырды. Зерттеу жұмыстары бiтiсiмен Франция мумияны әйнек саркофагқа салып Мысырға қайтарады. Алайда Морис Бюкай мұсылмандар перғауынның денесi сақталатынына кәмiл сенедi деген сөздiң төркiнiн түсiнуге талпынды. Ғалым көп ұзамай заттарын жинап, Сауд Арабиясына сапар шегедi. Онда мұсылмандардың оқымысты-анатомдары бас қосқан медициналық форум өтiп жатқан. Келген бетте профессор оларға өзiнiң ашқан жаңалығын жеткiздi. Оларға перғауынның денесi суға батып кеткеннен кейiн де жақсы сақталғанын айтты. Осы кезде ғалымдардың бiрi қолына Құранды алып, ондағы мына сөздердi оқып бердi: “Бүгiн Бiз кейiнгiлерге ой салу үшiн сенiң денеңдi құтқарамыз. Бiрақ, адамдардың көбiсi Бiздiң жiберген белгiлерге көз жүгiртiп қарамайды”.. Француз ғалымы бұл аяттан кейiн қатты толқыды. Тiптi Құран сөзiнiң әсерi күштi болғаны соншалық, ол орнынан атып тұрып, “Мен Исламды қабылдаймын, Мен бұл Құранға сендiм!” — деп дауыстап жiбердi. Францияға Морис Бюкай мүлде басқа адам болып оралды. Кейiнгi он жылын ол қазiргi ғылыми жаңалықтар мен Құран сөздерiнiң сәйкестiгiн тексерумен өткiздi. Осы уақыт аралығында профессор ғылыми деректер мен Құран арасынан қарама-қайшылық табуға тырысады. “Өтiрiк оған алдынан да, артынан да жолай алмайды. Оны Данышпан әрi Мақтауға лайықтының өзi жiберген”… Қасиеттi кiтаптағы сөздерден Жаратушының кемел сипаты мен қолтаңбасын таныған оқымысты кейiн Құран жөнiнде арнайы кiтап жазады. “Құран, Тәурат, Iнжiл және ғылым. Қасиеттi жазбаларды қазiргi заманғы бiлiм тұрғысынан талдау” деп аталған бұл еңбегi Батыс мемлекеттерiнiң барлығын таң қалдырып, қоғамдық ойға қозғау салды. Дүкен сөрелерiне түскен оның алғашқы данасын жұрт талап әкетедi. Кiтап француз, араб, ағылшын, индонезия, парсы, серб пен хорват және түрiк, немiс, урду тiлдерiне тәржiмаланып жүз мыңдаған данамен қайта басылды. Осыдан кейiн бұл еңбек Батыс пен Шығыс елдерiнiң кiтап дүкендерiнiң барлығына түстi. Ең қызығы, Бюкайдың еңбегiне қарсы кiтап жазғысы келген батыс ғалымдарының кейбiрi оны оқығаннан кейiн Исламды қабылдаған болатын. Кiтаптың кiрiспесiнде Морис Бюкай былай деп жазды: “Құранда жазылған бұл ғылыми ақиқаттар басында менi қатты таңғалдырды. Мен бұдан отыз ғасыр бұрын жазылған кiтаптан әртүрлi саланы қамтыған әрi қазiргi ғылыммен үндесiп жатқан мұндай дәл жауаптарды көрем деп ойлаған емеспiн”. Ғалымның бұл пiкiрiне Құранның өзi тамаша жауап берген: “Олар Құранға қарап неге ойланбайды? Егер Алладан жiберiлмесе, адамдар одан көптеген қарама-қайшылық табар едi” Хақты таныған ғалым көп адамның Исламға кiруiне де себепшi болды. Солардың бiрi Жак Ив Кусто. Кусто Гибралтар бұғазын зерттеп жүрiп, қызық жәйтқа тап болады. Онда бiр-бiрiне араласпайтын екi су қабатын тапты. Олардың арасын көзге көрiнбейтiн әлдебiр перде бөлiп тұрғандай едi. Бұл сулардағы темперутура, тұздану деңгейi мен өсiмдiктер әлемi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Кусто бұл жөнiнде: “Гибралтар бұғазындағы бұл екi су массасының түйiскенiне мыңдаған жылдар болған. Қосылған соң бұл сулар бiр-бiрiмен араласып, екеуiнiң тұздылығы мен сыйымдылығы бiрдей болуы тиiс едi. Бiрақ тым жақын түйiскен жерде де олардың әрқайсысы өз ерекшелiгiн сақтаған. Қысқа қайырғанда, екеуiнiң бiрiгуiне су пердесi кедергi жасаған” — деген болатын. Кусто бұл жаңалық өзiн көп уақыт бойы қайран қалдырғанын және оны тiптi физика мен химия заңдылықтарымен де түсiндiрiп берудiң ауыр соққанын айтқан. Бiрақ оқымысты Құранда ол туралы осыдан 1400 жыл бұрын жазылып қойылғанын естiгенде бұған ерекше таңданды. Оған Құрандағы аятты Морис Бюкай көрсеттi. Қасиеттi кiтаптың әл-фурхан сүресiнде бұл жөнiнде былай делiнген: “Ол — бiрiнiң суы жағымды, тұщы, ал екiншiсi тұзды әрi ащы судан тұратын екi теңiздi қосып, араласпас үшiн олардың араларына кедергi қойды.” Мамандардың сөзiне сенсек, бiздiң Балқаштың суы да жартысы тұшы жартысы тұзды көрiнедi. Ал Кусто кейiн былай деп тебiрендi: “Бұл менi қатты таңдандырды. Құранның аудармасын оқығанда бұл сөздiң рас екенiне көз жеткiздiм. Бұдан кейiн мен былай деп дауыстап жiбердiм: “Қазiргi ғылымды 1400 жылға кейiнге қалдырған бұл Құранның адамның сөзi еместiгiне ант етемiн. Бұл Жаратушының өз сөзi”. Осыдан кейiн мен Исламды қабылдап, оның шынайылығы, әдiлеттiлiгi мен пайдалылығына күн сайын көз жеткiзумен болдым. Ақиқатты көрсеткенi үшiн Мен Морис Бюкайға зор алғыс айтамын”.
Жолымбет МӘКIШЕВ