ТЕКСЕРУШIЛЕРДI ДЕ ТЕКСЕРУ КЕРЕК

ТЕКСЕРУШIЛЕРДI ДЕ ТЕКСЕРУ КЕРЕК

ТЕКСЕРУШIЛЕРДI ДЕ ТЕКСЕРУ КЕРЕК
ашық дереккөзі
224

“ЭкоПродуктГруп” АҚ бүгiнгi таңда Қазақстандағы ең iрi жемiс-көкөнiс өнiмдерiн қайта өңдейтiн мекеме, әрi ең iрi томат пастасын өндiрушi болып табылады. Бұл мүмкiндiктерге “Қазақстан Инвестициялық Қоры” АҚ-ның инвестицияларын және “ЭПГ” АҚ ұжымының жемiстi еңбегiнiң арқасында 2005 жылы “Түлкiбас жемiс-көкөнiс зауытының модернизациялануы” жобасын iске қосуға қол жеткiздi. Осы жылдардағы жұмыс барысында “ЭПГ” АҚ елiмiздiң бюджетiне 210 млн.теңгенi салық түрiнде және мiндеттi төлемдер төледi және салық аударудан ауданымыздағы ең iрi салық төлеушi мекеме болып отыр, сондай-ақ аудан халқының 700-ге жуығын науқан уақтысында ауылшаруашылық және қайта өңдеу жұмыстарымен қамтамасыз етiп отыр.

“Қазақстан Инвестициялық Қоры” АҚ-ның қаржыландырған жобаларының iшiнде акцияларды керi сатып алып отырған және жоба бойынша акцияларды қайтару мерзiмi, яғни пролангация жасалмаған бiрден-бiр мекеме “ЭПГ” АҚ-ы болып табылады. “Қазақстан Инвестициялық Қоры” АҚ-ын тексеру барысында, параллельдi тексерулер мен Қаржы полициясы қызметкерлерiнiң салғырт, әрi мүдделiлiк танытқан iс-әрекеттерiне жинаған деректерiне назар аударғым келедi. 2008 жылдың 6 қарашасында Бас прокуратураның көзқарасы мен түсiнiктерi бойынша ҚР Президентiнiң қарауына берiлген “ЭПГ” АҚ-ның жұмысы туралы фактiлер және үстiрт қорытындылары шын мәнiндегi айғақтарға сәйкес келмейдi. Үш жылдың iшiнде 3 млрд.теңге шығынға ұшырады дегеннiң өзi теориялық тұрғыда мүмкiн емес нәрсе, себебi қордың инвестициялық сомасы 988 млн.теңгенi және компанияның кредиторлық қарызы 1363 млн.теңгенi құрайды. “ЭПГ” АҚ-ның шаруашылық жұмыстарының қорытындысы бойынша: 2005 жылы – 12,3 млн.теңге пайда, 2006 жылы – 26,2 млн.теңге шығын, 2007 жылы 362 млн.теңгеге шығынға ұшырады. Барлығы 3 жылдың iшiнде шығын сомасы – 376 млн.теңгенi құрады. Бұл “БДО-Қазақстанаудит” ЖШС мен “Шаруа-аудит” ЖШС-терiнiң аудиторлық тексерулерiнiң қорытындысымен расталады. ОҚО прокуратурасының қызметкерi, аға прокурор Е.Мұқатаевтың 2008 жылдың шiлде айындағы тексеруi барысында бөгде адамдардың пiкiрiмен жасалған қорытындысы, яғни қате ақпарат зауыт басшыларының тексеру нәтижесiмен танысуынсыз, Астанаға жiберiлген. Тек жазбаша сұраныстан кейiн облыстық прокуратура 6 ай мерзiм өткенде тексеру туралы анықтама бердi. Сол себептi бiз жiберiлген қателiктер туралы уақтысында айта алмадық. Салық төлеушiлердiң қаражатынан еңбек ақы алып отырған бақылау органдарындағы осындай “мамандардың” үлкен қателiктерi мен процессуалды заң бұзушылықтары наразылық тудырады. Соңғы жылдардағы шығындар, шынында, шикiзаттың жеткiлiксiз болып отырғандығынан, соның iшiнде аймақтың табиғи және климаттық ерекшелiктерiне байланысты емес, шикiзатты жергiлiктi фермерлiк және шаруа қожалықтарынан тасымалданады деп жоспарлануында. Түлкiбас ауданының құнарлы жерi мен климаты жемiс-көкөнiс өнiмдерiн өндiруге қолайлы болғандықтан, 1965 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен зауыт осы ауданға салынған. 1980-1992 жылдары зауыт жыл сайын Түлкiбас ауданында өсiрiлген 30-35 мың тонна жемiс-көкөнiс өнiмдерiн қайта өңдеп отырған. Сондықтан “ЭПГ” АҚ 2004 жылы құрылғаннан бастап, жергiлiктi фермерлердi ұрықпен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етiп, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзiп отырды. 2006 жылы Өзбекстаннан жемiс-жидектердi тасымалдауға тыйым салынғаннан бастап, оңтүстiктiң фермерлерi солтүстiк пен көршiлес Ресей елдерiне тасып, пайда көре бастады. Сол себептi, 2006 жылдан бастап, “ЭПГ” АҚ өзiнiң шикiзат базасын нығайта бастады. Бiз Қазақстандағы отандық инвестициямен көкөнiстердi тамшылатып өсiру технологиясын бiрiншi болып енгiзiп отырмыз. Тамшылатып өсiру – өзiнiң тиiмдi нәтижесiн көрсеттi. Қазiр бiздiң тәжiрибемiздiң арқасында бұл әдiс Қазақстан фермерлерiнiң арасында үлкен сұранысқа ие. Өз күшiмiзбен 2007 жылы – 4500 тонна, 2008 жылы – 6800 тонна шикiзат өсiрiлдi, ал 2009 жылы шаруа қожалықтарынан бөлек 15000 тонна көкөнiс өсiру жоспарланып отыр. 2006 жылы iске қосылған томат пастасын өндiретiн цех 28000 тонна өнiм өндiре алатын мүмкiндiгi бола тұра, 2008 жылы барлығы 12600 тонна томат қана өндiрдi, яғни шикiзаттың жеткiлiксiздiгiнен 45% ғана iске қосылды. Биыл өзiмiз өсiрген өнiммен қоса сырттан алатын шикiзатты қосып, томат пастасын өндiретн линияны 90%-ға жүргiзсек деп жоспарлаудамыз. Қазақстандағы ең iрi үш жемiс-көкөнiс өндiретiн зауыттардың құрамына кiретiн бiз, өзiнiң өндiрiстiк активтерi мен техникалық құрамын сақтап қалдық. “Қазақстан Инвестициялық Қоры” АҚ акционерлер құрамына кiрмей тұрып, 2004 жылы “ЭПГ” ЖШС өз қаражатына 1 млн.шартты банкi өңделген өнiм, яғни 135 млн.теңгенi құрайтын өнiм шығарды. Орталық қаржы полициясы аппаратының подполковнигi К.Н.Есжановтың басқаруымен 2008 жылдың қараша айынан бастап iске асырылып жатқан тексеру, инвестицияның мақсатты жұмсалуын көздейдi, бiрақ сомалардың сәйкес келмеу мүмкiндiктерiн табу мақсатында немесе ысырап, бей-берекет жұмсалып жатқаны туралы керi мәлiметтер тапқысы келедi. Мысалы, жобаның алғашқы жылдарында шикiзаттың жеткiлiксiздiгiнен айналымдағы қаражат толық пайдаланылмады. Сол себептi бiздiң тауарлық белгiмен басқа зауыттарға тапсырыстар берiлдi. Ол бiзге кең ассортименттi сақтап тұрумен қоса, шығынды азайтып, пайданы көбейтуге мүмкiндiктер туғызды. Осындай келiсiм-шарттар әр кез Қормен келiсiлiп, жобаға қосымша өзгерiстер жазбаша енгiзiлiп отырды. Қордан бөлiнген инвестициялардың мақсатты жұмсалуы туралы Есептеу комитетi, Қаржы Министрлiгiнiң Қаржыны бақылау департаментi, сондай-ақ облыстық Қаржы департаментiнде тексеру жүргiзген болатын. Барлық тексерулер Қормен түзiлген “бiрiгiп жасау туралы” келiсiм-шартындағы көрсетiлген жарату матрицасына толық сәйкес келетiндiгiн көрсеттi. Аталмыш тексеру үлкен заңбұзушылықтарға әкелiп отыр: бухгалтерияның бүкiл құжаттарын ешқандай ережеге сәйкес емес жолдармен алып, дегустация жасауға дайын өнiм сұрап, ұжымда жүйке тозатындай үрей мен жағымсыз жағдай жасады, сондай-ақ 2009 жылдың өндiрiстiк жоспарын орындауға мүмкiндiк бермей, ағымдағы жұмыстардан қалдырып отыр. Құрылғанына 4 жыл болғалы бiздiң мекеме сан түрлi бақылау органдарының тексерулерiне төтеп берiп келедi: облыстық және аудандық қаржы полициясы – 6 рет, облыстық және аудандық салық комитетi – 7 рет, облыстық прокуратура, Кедендiк Бақылау департаментi, Еңбектi қорғау инспекциясы, Өртке қарсы қызмет комитеттерi түгел жұмысымызды тексерiп шықты. Кей кездерi бiр Қаулымен бiрнеше тексерулер жүргiзiлiп, олардың мерзiмi 1 жылдан да асып жатты. Жоғарыда көрсетiлген жайттарды есепке ала отырып, “ЭкоПродуктГруп” АҚ атынан әдiлдiктiң орнауын және бақылау орындары тарапынан негiзсiз қысымның жасалуын тоқтатып, кiнәлi жақтарды жауапқа тарту үшiн Сiздiң араласуыңызды сұраймын.  
Е.О.НҰРПЕЙIСОВ,басқарма төрағасы
  P.S. “ЭкоПродуктГруп” АҚ-ның басшылығының жоғарыда айтып өткен наразылықтарын бiлдiрулерiне байланысты журналистiк зерттеудi қолға алдық. Өткен аптада Оңтүстiк Қазақстан облысының прокуроры М.Ахметжанов және экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi басшысы М.Хайруллин мырзаларға сұраныс хат жолдаған болатынбыз. Әзiрге жауап жоқ. Бiрақ, бiз алдағы нөмiрлердiң бiрiнде жоғарыдағы мәселеге байланысты жан-жақты зерттеу жүргiзбек ниеттемiз.

Серіктес жаңалықтары