“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” НЕГIЗГI БАСЫМДЫҒЫ — ҚАУIПСIЗДIК!

“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” НЕГIЗГI БАСЫМДЫҒЫ — ҚАУIПСIЗДIК!

“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” НЕГIЗГI БАСЫМДЫҒЫ — ҚАУIПСIЗДIК!
ашық дереккөзі
173

Қазақстандағы ұлттық авиатасымалдаушы компаниялардың көшбасшысы — “Эйр Астана” бүгiнгi таңда заманауи ұшақтармен толықты. Авиакомпания өз даму бағытында алғаш рет шетелдiк жаңа лайнерлердi алу арқылы тың серпiндi қадамдарға барып отыр. Бүгiнде ұлттық әуе компанияның авиопаркiнде 21 әуе кемесi, оның iшiнде Боинг — 757 және 767, Эйрбас А-319, А-320, А-321 және Фоккер-50 ұшақ түрлерi бар. Реактивтiк ұшақтардың орташа жасы 6 жыл.

“Эйр Астана” — Қазақстандағы техникалық қызмет түрi еуропалық ЕASA стандартқа сәйкестендiрiлген бiрден-бiр iрi авиакомпания. Ол үшiн азаматтық авиацияның халықаралық ұйымдарының тәжiрибесiне байланысты ұшқыштардың қауiпсiздiктi басқару жүйесiнiң тетiктерi енгiзiлдi. Бiздiң әуекомпанияны Ұлыбританияның авиациялық билiгi секiлдi беделдi халықаралық ұйымдары әрдайым тексерiп, бағалайды.

Компанияда әуе мен жердегi жетiспеушiлiк пен ауытқулар жайында алдын ала хабарланады. Сондай-ақ, әрбiр жағдай мұқият тексеруден өтедi. Авиакомпанияда мамандардың дайындалуына үлкен жауапкершiлiкпен қаралса, барлық техникалық мамандардың оқытылуы да еуропалық авиациялық талаптарға сай деуге болады. “Эйр Астана” әуе жолы компаниясының кез келген бағыты техникалық қауiпсiздiк жағынан ЕASA Еуропалық агенттiгiнiң бар талабына толықтай жауап берiп, Part-145 сертификатынан айрылмай келедi. Авиакомпания алғашқы сертификатын 2003 жылы алды. Бұл сертификат қазақ-британ авиакомпаниясының азаматтық авиацияда өз қызметiн жоғары әлемдiк стандарттарға сай орындауға деген ұмтылысын бiлдiредi.

“Эйр-Астана” IOSA аудитынан өткен Орталық Азиядағы алғашқы, ТМД-дағы 6 авиакомпанияның бiрi. Аталмыш аудит IATA авиакомпаниялары — мүшелерi үшiн мiндеттi. Халықаралық қорғаныс эксплуатациясы бойынша IOSA аудитi — әуе тасымалын жүзеге асыратын 900 дәлелденген халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент деңгейiн бағалау, кешендiк тексеру жұмысы болып табылады.

“Эйр Астананың” техникалық әуе жағдайы шығарушының негiзгi талаптары бойынша жасалады және әуе кемелерiн тiркейтiн мемлекеттiң инспекторларымен қадағаланады. Әрбiр әуе кемесi жыл сайын инспекциялық тексеруден өтетiн ұшу жарамдылығының сертификатына ие. Халықаралық стандарттарға сәйкес, Алматы қаласында авиакомпания жанынан әуе кемелерiне қызмет жасайтын жеке ангар ашылды. Толық көлемдегi техникалық қызмет жасау Ұлыбритания, Франция, Германия, Голландия, Түркия сияқты iрi орталықтарда жасалады. Осылайша 2008 жылдың 9 айында техникалық себептерге сәйкес, ұшу индексi ешқандай кедергiсiз 98,95 пайызды құрады. Ал 2007 жылы бұл көрсеткiш 99,25 пайызды құраған-ды.

“Эйрбас”, “Боинг” ұшақтарын шығарушылардың әлемдiк көшбасшылары “Эйр Астана” әуе компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. 2008 жылдың қаңтар айында “Эйр Астана” АҚ қызметкерлерiнiң саны 2596 адамды құрады. Оның 218-i ұшқыштар, 177-i инженер, 800-i борт күтушiлерi. “Эйр Астананың” инженерлерi мен борт күтушiлерiнiң жазғы құрамы АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Түркия сияқты iрi мемлекеттерде кәсiби дайындықтан өтедi. Сондықтан олардың шетелдерде бiлiмiн жетiлдiруi авиакомпания шығынының бiраз бөлiгiн қамтиды.

Биыл “AB-INITIO” бағдарламасы бойынша ұшқыштар кәсiби бiлiктiлiгiн арттырады. Жарты жыл көлемiнде 20-ға жуық жас қазақстандықтар Американың беделдi жазғы мектебiнде бiлiм алады. Содан соң “Эйр Астана” әуе компаниясының екiншi деңгейлi ұшқышы атанады. “Эйр Астана” қызметкерлерi өз iсiне адал, алға қойған мақсаттарының орындалуына белсендi түрде атсалысатын бiлiктi мамандар тобы.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары