ПIРДIҢ БIРI – МАFЗАМАН

ПIРДIҢ БIРI – МАFЗАМАН

ПIРДIҢ БIРI – МАFЗАМАН
ашық дереккөзі
1351

Ауызша, кейбiр жазбаша дерек көздерiнде қазақ қауымында пiрлердiң ерекше роль атқарғаны айтылады. Сонау бiзге жеткен Әзiрет сұлтан, Бахауиддин Нақышбандий, Мүсiрәлi сопы-Әзиз, Бекет әулие, XVIII ғасырда Кiшi жүздiң бiраз бөлiгiне пiр атанған Қосымқожаұлы Әбдужалил қожаның 1785 жылы Сырым батыр Датұлымен бiрге 56 бидiң Нұралы ханды тақтан түсiру жайлы ұсынған хатын бекiткеннiң бiрi жоғарыда аты аталған Әбдужалил мөрiн басып, өзiнiң қазақ елiнiң пiрi екенiн құжатта жазған. Олай болса, Орта Азия халықтары арасында аса қасиеттi, көрiпкелдiгi бар адамдар пiр атанған. Пiр деген сөз — парсы сөзi, араб тiлiнде ол — шейх дегендi бiлдiредi, қария, ислам орденiнiң басшысы деген мағынада қолданылған.

Кiшi жүз, оның iшiнде Әлiм-Шөмен тайпалары Ерсейiтпенбет пен Мағзаманды өздерiнiң пiрi деп танып, сол аймақтың тұрғындары күнi бүгiнге дейiн оларды пiр тұтып, бiр Аллаға сыйынып, жалбарынып бала сұрайды. Мұндай фактiлер жер-жерде жиi кездесетiн оқиғалар. Кейбiр зерттеушiлер Самарқандағы “Дағбид” қыстағындағы Жалаңтөстiң пiрi болған Мақтымағзам әулие мен Мағзаманды бiр адам дейдi. Өйткенi Әйтеке бидiң замандасы Шөмекей Айтқұл бастаған Аспандардан бастап, бүгiнгi Қазалы Қарақалпақ аймақтарда Аспандар өздерiнiң пiрi ретiнде Мағзаманды атайды. Бiр кездерде Мақтымағзам аталса келе-келе Мағзаман аталуы да мүмкiн ғой. Бұл тұрғыда Нұратада 40 мың түтiн Алшын бар деп жырлаған атақты жырау (1842-1911) Балқы Базардың “Сұм дүние” атты толғауында: “…Бабай түктi шашты Әзиз, Ер Сейтпенбет, Мағзаман Марал ишан, софы Әзиз Солардан да өткен сұм дүние, — деп дүниеде мәңгiлiк өмiрдiң болмайтынын жырға қосса, Әлiм Қарасақал Ерiмбет (1850-1916) ақын: “…Ей Алла, әмiрiң — парыз, дәдiң қабыл, Жан шiркiн бiр тынбай тұр алып өршiл. Сақтай гөр малығұнның асуасынан, Ер едiң Мағзаманай, пiрiм Камил! Басшы едiң жетi атама жол көрсеткен, Қалияға Iбраһим атың Шамил! 3-4 ғасырдан берi жұртшылық есiнен шықпай сақталып келген қасиеттi кiсi Мағзаман. Оның есiмiнiң бұлайша ұрпақтан-ұрпақ ауысып жетiп отыруы, бiрiншiден оның көрiпкелдiгi, табиғат тылсымдарын, жетiк бiлетiндiгiнен, екiншiден дәрi-дәрмек жасап, ауруларды науқастан айықтырып, баласызға бала беретiн қасиетi болғандығынан, үшiншiден ислам дiнiнiң құран-кәрiмдi жетiк оқып, оның уағыздарын берiк орындап, артына көптеген шәкiрт қалдырғандығы болса керек. Жалаңтөс баһадүр ұрпақтарына өсиет қалдырып, өзiн Дағбидтегi Мақтым ағзам әулие сағанасының аяғына жерлеудi тапсырыпты. Бүгiнде Жалаңтөстiң қабiрiнiң Мақтымағзам бейiтiнiң қасында болуы, сол сөздердi растай түседi. Тағы бiр деректе Мағзаманды Түрiкпен қожа аталған Ансаридан шыққан Арыстанбаптың ұрпағы делiнедi. Ел аузындағы әңгiмелерде Мағзаман Арыстанбаптың қызынан туғаны да айтылып жүр. Мағзаман — Түрiкпен қожа аталған. Әулиенiң туған, қайтыс болған жылы жерi де белгiсiз. Алайда ел силаған, қадiрмендi, қасиеттi кiсiнiң аты өшкен емес. Игi ниеттi жастар тiпте оның атын қайта жаңғыртуда қолға алуда. Соңғы кездерде елiмiздiң аймақтарында мешiт, медресе салу және ислам дiнiн насихаттау жұмыстары жақсара түстi. Дегенмен, осы мешiт салып, осымен көрiнгiсi келетiндер де кездесiп қалып отыр. Әсiресе, бұл көрiнiстер кәсiпкердiң болмаса белгiлi тұлғалардың өздерi салдырған мешiттерiне дiн жолын ұстамаған, қажылыққа бармаған әкелерi мен бабаларының атын қою кезiнде байқалып жүр. Осынау шағын мақаламды жазуға түрткi болған Қазалыдағы Сарбұлақ өңiрiнiң түлегi Тоқсан Жаңабайұлының ата-қонысына мешiт үйiн салуға кiрiскенi себеп болды. Бастан да ұйысқан, ауызбiрлiгi мол шаңырақтың ұрпақтары жаңа мешiттiң құрылысын аяқтап, осы жылы жамағатқа тапсырмақ. Тоқсан, сексен бастаған жiгiттердiң басты бiр ерекшелiгi сол, бұл мешiттi есiмi Қазақстанға ғана емес, Орта Азия халықтарына белгiлi, кезiнде пiр атанған Мағзаман әулиенiң атын беруге тоқтамы деп есептеймiн. Басқалардай өз әкесi немесе атасының атын беруге кеңес бергендерге, елге ең қасиеттi, дiн жолын ұстаған кiсiге берейiк деген ниетiне қуандық. Сондықтан да оқырман қауымға, жалпы жамағатқа Мағзаман туралы атақты жырау Балқы Базар тағы бiр өлеңiнде: …Қысылған кезде сыйынған, Пiрлерiм едiң қашаннан. Ер Сейтбембет, Мағзаман, Қосымқожа сабағым. Не жазығым бар едi. Осындайда тебiренбей. Қысылған шақта дем бермей, — деп өзiне Ер Сейтбембет пен Мағзаман әулиелерден әркез медет сұрап отырғанын оқып бiлемiз. Жоғарыда жазғанымыздай Мақтымағзамды Қожа Ахмет Иассауидiң қызы Гауһардан туғызса, тағы бiр деректе Мақтымағзаманның баласы Әлисман Ақсақ Темiрдiң әскер басыларының бiрi болғаны жазылған. Мақтымағзаммен Мағзаманды бiр адам десек, ататек шежiреде қайшылықтар да кездеседi. Мағзаманнан бергi атаға, атадан балаға жеткен шежiреде Мағзаманнан — Ақназар — одан Есназар, Қосназар, Мақұл, Сұлтанай. Осы Сұлтанайдан (Сұлтансиық) — Нарқожа — одан Әбжәлқожа, Әбжәлқожадан Бәкiр — одан Таспа, Таспадан Алмат, Алматтан — Нұрмахан, одан Дүниежүзiне белгiлi жырау Алмас Алматов (1956) тарайды. Олай болса Мағзаман әулиеден күнi бүгiнгi ұрпаққа дейiн 12-14 атаны құрайды. Үшiншi бiр деректе Әз Тәукенiң пiр сайлауында Ұлы жүз Төлебидiң ұсынысымен пiр сайлауына Мағзаманның қатысқаны айтылады. Нұрата бойын 1591-1600 жылдарда жайлаған 40 мың Алшынның бiразы Шөмекей тайпасының Аспан руы болған. Сол кезеңде өмiр сүрген Мағзаман әулие Аспан руының пiрi болғандығы туралы ел аузындағы әңгiмелерде айтылады. Қазалы-Қармақшы өңiрiндегi Аспандар да өздерiнiң пiрi Мағзаманды атап әлi күнге оның есiмiн қастерлеп ұстауда. Соның айқын айғағындай қазалылық азамат Тоқсан-Сексен бас болып, тарих қойнауына енген Мағзаман бабамыздың құрметiне мешiт салуда. Бiзде өз тарапымыздан Мағзаман атындағы салынып жатқан мешiттiң сол өңiрдiң бiр өнегелi ошағы болса деген тiлекпен және оқырмандарға Мағзаман әулиенi таныстыру мақсатында осы деректердi ұсындық.  
Тынышбек Дайрабай, зерттеушi, этнограф
 

Серіктес жаңалықтары