СУРЕТ ӘЛЕМIНДЕГI СЕРI АЗАМАТ

СУРЕТ ӘЛЕМIНДЕГI СЕРI АЗАМАТ

СУРЕТ ӘЛЕМIНДЕГI СЕРI АЗАМАТ
ашық дереккөзі
217

Рухани құндылықтарымыздың ерекше бiр түрi — көркем сурет. Қазақ суретшiлерiнiң қол жеткiзген биiктерi ауыз толтырып айтарлықтай екенi де құпия емес. Өкiнiшке қарай, елiмiзде суретшiлердiң шығармашылық табыстарын, олардың қол жеткiзген биiктерiн кеңiнен насихаттап, өнер сүйер қауымға жете таныстырып отыру ескерiле бермейдi.

Жуырда “Балалар әдебиетi” баспасы белгiлi суретшi Балтас Оспанның “Сурет әлемiнде” атты кiтабын жарыққа шығарды.

Кiтап безендiру iсiнде өз қолтаңбасы қалыптасқан суретшiнiң 1988 жылы “Калила мен Димна” кiтабына жасаған безендiруi Берлинде өткен халықаралық көрмеде жоғары бағаланса, “Абай” плакатын салуы, Абайдың орысша “Қара сөздерiн” безендiруi шығармашылық жолындағы үлкен табыстары едi.

“Мектеп” баспасынан жарық көрген “Темiр және оның империясы” кiтабын безендiргенi үшiн суретшi 2004 жылы Мәскеуде II дәрежелi дипломмен марапатталды.

“Сурет әлемiнде” кiтабына Балтас Оспанның қылқаламынан туған суреттердiң репродукциялары, түрлi кiтаптарды безендiрулерi енiп отыр.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары