ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ
ашық дереккөзі
443

Бүкiләлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыс жалғаса түсуде. Дағдарыс тұсында Қазақстанның саяси партиялары бiр тудың астына, қазiргiнiң Ордабасы — Астанаға жиналды. Алты саяси партия — “Нұр Отан” ХДП, “Ауыл”, “Қазақстанның Коммунистiк халықтық партиясы” мен “Қазақстанның патриоттар партиясы”, “Руханият” және “Әдiлет” әлеуметтiк және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қойды.

Бiрге жұмыс iстеу, халық игiлiгiне қызмет жасап, жүктi жұмыла көтеру туралы бастаманы көтеруге әдеттегiдей “Нұр Отан” ХДП-сы себепшi болды.

Мақсат айқын. Елдегi қоғамдық саяси ахуалды нығайту. Елдегi тұрақтылық пен қауiпсiздiк шараларын сақтау. Құжатқа сәйкес бiрiншi мәселеде елiмiздегi саяси көзқарастардың сантүрлiлiгiн бiр мақсатта бiрiктiре отыра жұмыс жасау. Ата заң мен ҚР Заңнамаларына терiс iс-қимылдар мен саяси белсендiлiктiң жолын болдырмау, елдегi бейбiт өмiрдi және қоғамдық келiсiмдi сақтауды алға қойды.

“Нұр Отан” ХДП-ның Орталық аппаратының басшысы Ерлан Қарин: “Меморандумды партия басшылары бiрауыздан қолдап, өз ұсыныстарын қосып, құжатты жетiлдiруге ат салысты. Партиялар, саяси күштер бүгiнгi дағдарыс жағдайында ауызбiрлiктi қалайды”, — дедi.

Ортақ мақсат-мiндетiн айқындаған партиялар бiрiгiп не iстер екен? Оны уақыт көрсете жатар. Бiрақ, бұл рәсiмге “Ақжол”, “Жалпыұлттық әлеуметтiк демократиялық партия” және “Азат” ат салыспады.

Бiрлескен Меморандум басқа партиялар үшiн де ашық болады деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының өкiлдерi.

Ақниет Бейiмбетқызы

Серіктес жаңалықтары