“ШӘМШI” №3

“ШӘМШI” №3

“ШӘМШI” №3
ашық дереккөзі
225

Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында журналдың кезектi үшiншi нөмiрi жарыққа шықты. Басылымның беташар сөзi бас редактордың оқырмандарын Наурыз мерекесiмен құттықтауымен ашылыпты.

А. Ақылбектiң “Ұлт намысын ту еткен” атты мақаласында сенатор Қ. Айтахановтың өмiр жолы мен қызметi қамтылып, тұлғаның келбетi айқындалған. Студенттердiң “жырына” айналған төлемақы мәселесi Г. Омарованың “Статистика” атты сараптамасында жан-жақты сараланса, М. Кенжебайдың “Ғалым көбейсе, ғылым құриды екен…” деген талдау материалы Қазақстан ғылымының кешегiсi мен бүгiнгiсiн салыстыра отырып зерттеуiмен құнды. “Орыс скинхедтерiнiң ойраны”, тақырыбы айтып тұрғандай әлемдiк проблемаға айналған тақырбастар жөнiнде. Авторы, Ж. Шағатай.

Сондай-ақ, журналдан Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығы мен жеке өмiрiне қатысты көптеген деректер мен мәлiметтермен таныса аласыздар.

Мәселен, “Сол бiр кез есiмде…” айдарымен берiлген Т.Молдағалиевтiң, Шәмшiнiң жиенi Т. Қожанұлының “Шәмшiнiң шапаны” атты мақаласы және “Көзкөрген” айдарымен жарық көрген З. Асабаевтың “Шәмшiнi бiр кiсiдей бiлмесек те…” естелiгi тартымды жазылған.

Бұлардан бөлек Наурыз жайлы эссе мен Т. Әбдiрайымның “Меңдi қыз” деректi әңгiмесiн, тарихшы-ғалымдар М. Оразбайдың “Аңырақай соғысы — бiрлiктiң тоғысы”, М. Қожаның “Ортағасырлық Отырарда шахмат ойнаған” атты ғылыми мақалаларын және спорт тақырыбында жазылған Е. Жеңiсұлының дарабоз баскетболшы Ә.Жармұхамедов жайлы мақаласын оқисыздар.

Серіктес жаңалықтары