“ЖЫЛ САЙЫН - 1000 ТАЛ!” АТЫМЕН...

“ЖЫЛ САЙЫН - 1000 ТАЛ!” АТЫМЕН...

“ЖЫЛ САЙЫН - 1000 ТАЛ!” АТЫМЕН...
ашық дереккөзі
223

Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесi туралы қадымнан келе жатқан аңыз әңгiмелер өте көп. Солардың бiрi, ауызша жеткен тарих бойынша, кезiнде Кесене төңiрегi неше түрлi ағаштан көз тұнатын абат бақ, сыңсыған жасыл желек болған көрiнедi.

Ал ол жерде алыстан арып-ашып жеткен жолаушылар мен қасиеттi орынды зиярат етiп келушiлерге қызмет ететiн адамдардың иманжүздiлiгi сондай, оларды көрiп тiлдескен жандар: “Япырай, мына жер кәдiмгi бақ па, әлде жұмақ па, ал мына адамдар кәдiмгi адам ба, әлде перiште ме?” дейтiн көрiнедi. Әрине, бұл аңыз! Бiрақ қасиеттi жердiң қадiрiн тiптен арттыра түсетiн тағылымы мол тамаша аңыз!

Әз Наурыз мерекесiнде бiз де осы бiр сыр тұнған, нұр ұялаған Кесенеге арнайы ат басын бұрып, бұл жерде мәңгi мекен еткен ұлы рухтарға тәу етiп қайтқан едiк. Сонда бiзбен әңгiмелескен Әзiретi Сұлтан мемлекеттiк тарихи, мәдени қорық-мұражайының директоры Альберт Сафуллин биылғы жылдан бастап “Жыл сайын — 1000 тал!” деген атпен Кесене маңына жаппай ағаш отырғызуды қолға алып жатқандарын, мiне, осы қазiрдiң өзiнде 1000-нан астам көшеттiң бой көтергенiн алға тартқан.

Өте игiлiктi iс! Жақсы жаңалық! Жаңа бастаманы қуанышпен қолдай тұрып, бiз де бiр көшеттiң бойын тiктей бердiк.

Дидахмет Әшiмханұлы

Серіктес жаңалықтары