БҮГIН – БАЛА, ЕРТЕҢ – ЖУРНАЛИСТ

БҮГIН – БАЛА, ЕРТЕҢ – ЖУРНАЛИСТ

БҮГIН – БАЛА, ЕРТЕҢ – ЖУРНАЛИСТ
ашық дереккөзі
246

Осы аптада республикалық “Ұлан” газетi мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi журналистика факультетi бiрлесiп конкурс өткiздi. “Журналист болғың келе ме?” атты бо-лашақ журналистер арасында болған сынға республиканың әр аймағынан 80-нен аса шығарма түстi.

Журналистика факультетi мен редакция ұжымынан құралған қазылар 15 шығарманы iрiктеп алды. Осы шығарманың иелерi ҚазҰУ қалашығына ат басын тiреп, журналистика факультетiмен танысты. Барлық жеңiмпаздар бағалы сыйлық пен дипломға ие болды. Аз күнде мектептегi бiлiм сапарын аяқтап, үлкен өмiрге қанат қаққалы отырған жеңiмпаздар аталған университеттiң журналистика факультетiне студент болып оралғанша деп тарасты

Одан кейiн “Ұлан” газетiнiң редакциясына келдi. Өздерiнiң сүйiктi досы, рухани серiгi “Ұланның” терiлiп, беттелiп газетке қалай айналатынын өз көз-дерiмен көрдi.

Азамат СЕРIКБАЙҰЛЫ,

Алматы қаласы.

Серіктес жаңалықтары