Әлеуметтiк маңызы бар жобалар конкурсының тұсаукесерi

Әлеуметтiк маңызы бар жобалар конкурсының тұсаукесерi

Әлеуметтiк маңызы бар жобалар конкурсының тұсаукесерi
ашық дереккөзі
229

Бүгiн Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi әлеуметтiк маңызы бар жобалар конкурсының тұсаукесерiн өткiздi.

Iс-шараға “Нұр Отан” ХДП, Қазақстанның азаматтық Альянсы, Қазақстанның белгiлi үкiметтiк емес ұйымдары (бұдан әрi — ҮЕҰ), БАҚ және халықаралық ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

Тұсаукесердi Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева өткiздi. Ол ҮЕҰ өзара қарым-қатынасты дамыту жөнiндегi Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын айтты, сондай-ақ министрлiктiң әлеуметтiк маңызы бар жобаларға конкурстың рәсiмдерiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар кешенiн жария еттi.

Мемлекет басшысының бiрiншi Азаматтық форумында берiлген тапсырмасын орындау мақсатында 2003 жылдан бастап, мемлекет әлеуметтiк маңызы бар жобаларға мемлекеттiк тапсырысты орналыстырады. Жыл сайын осы мақсаттарға бөлiнетiн қаражаттың көлемi өсуде. Ал 2 Азаматтық форумда Мемлекет басшысы бiр млрд. теңгеге дейiн көтерудi мiндеттедi. Жалпы есеппен алғанда мемлекет бойынша республикалық және жергiлктi бюджеттен 1,8 млрд. теңге қаражат үкiметтiк емес секторды қолдауға бөлiндi.

— Қазiргi кездегi экономикалық конъюнктура мен республикалық бюджеттi қысқартуға қарамастан мемлекет ҮЕҰ қолдауға арналған бiр тиынын да қысқартпады. Сонымен қатар, қаражат көлемi алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға өсiп, 917,2 млн. теңгенi құрады, — дедi Ж.Құрманғалиева.

— Ендiгi негiзгi мақсат — аталған қаражатты әлеуметтiк маңызды қажеттiлiктерге нәтижелi, оңтайлы, ашық және жариялы пайдалану қажет.

Осы мақсаттарға орай, Мәдениет жән ақпарат министрлiгi өткен жыл бойы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс институтын жетiлдiру жөнiнде ауқымды iс-шаралар кешенiн өткiздi.

Министрлiк конкурстық құжаттаманы әзiрлеу рәсiмдерi мен үрдiсi жетiлдiрiлдi.

Барлық осы шаралар ҮЕҰ тығыз байланысты жүзеге асырылды. Осыған байланысты Ж.Құрманғалиева Қазақстанның азаматтық Альянсына, осы ұйым атынан шараға қатысқан Мәжiлiс депутаты Әйгүл Соловьеваға, осы жұмысқа қатысқан барлық ҮЕҰ-ға, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлiгiмен көптеген кеңестер өткiзген халықаралық ұйымдарға ерекше алғыс бiлдiрдi. Өткен жылдың қараша айында Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң қатысуымен өткен әлеуметтiк-маңызды жобалардың жәрмеңкесi өткiзiлдi. Осы жәрмеңкенiң 30 жеңiмпаз жобалары бүгiн тұсауы кесiлген конкурстық құжаттамада көрсетiлдi.

Өткен жарты жылдың iшiнде МАМ-не мыңнан астам жобалар түстi. Олардың барлықтарын ҮЕҰ, ғалымдар, мемлекеттiк органдарының өкiлдерiнен құралған сараптама комиссиясы мұқият қарастырып, талдаудан өткiздi. Мемлекеттiк тапсырыстың тақырыптамасы қоғамдық қажеттiлiктердi, профильдi мемлекеттi органдар мен ҮЕҰ, сараптамалық қоғамдастыру ұсыныстарын ескере отыра қалыптастырылды.

Ашықтық пен жариялылықты арттыру мақсатында бүкiл конкурстық құжаттама орналастырылған monitoring.academy.kz арнайы сайт құрылды. Осы сайытта мемлекеттiк тапсырыс пен оның жүзеге асырылуы туралы бүкiл ақпарат жария етiлдi. Шарттарда өнiм берушiнiң жобаның жүзеге асырылуы туралы ақпартты ай сайын аталған сайтқа жiберу мiндетi жөнiнде талап ескерiлген. Олар мәтiндiк есептер, сондай-акмультимедиа аудио-бейне, фото, БАҚ-да жарияланымдар нысандарында болуы мүмкiн.

Нәтижесiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың үйлестiрiлген құрылымы салынды. Ж.Құрманғалиева оның тұжырымдамалық негiзде мемлекет Басшысының “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты Жолдауы алынғандығын атап өттi.

Жолдауда қойылған және салаға қатысты бар мiндеттердi шешуге бағдарлама бюджетiнiң жартысынан астамы жiберiлген. Мүгедектер ұйымдарын қолдауға — 10 пайыз, жастар ұйымдарын қолдауға — 8 пайыз, гендрлiк теңдiк стратегиясына, отбасы мен неке, бабалық пен анлық институттарын қолдауға — 5 пайыз, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қолдауға — 9 пайыз, шығармашылық одақтарды қодауға — 5 пайыз, түсiндiру жұмысты жүргiзуге — мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бюджетiнiң 8 бөлiнген.

“Барлық қиындықтарды жеңетiн тек қана бiр күш бар, ол — бiрлiк” — деп мемлекеттiк Басшысы Жолдауда атап өттi. Ол барлық қазақстандарды еңбекқорлық пен албырттықты танытуға, үнемдi болуға, жақындарға сондай-ақ көмекке мұқтаж болғандардың барлықтарына қамқорлық көрсетуге және оларға көмектесуге шақырды. Бiрлiк — ол ең алдымен әлеуметтiк ынтымақтастық, барлықтарының топтар үшiн өте маңызды жобалар жүзеге асыру үшiн орналастыра отырып мемлекет ҮЕҰ-на, ал ҮЕҰ, өз тарапынан мемлекеттке көмектеседi, қазақстандықтардың нақты түйiндi мәселелерiн шешедi, — деп атап өттi. Ж.Құрманғалиева.

“Халықаралық ақпараттандыру академиясы” ҚБ басшысы Алексей Цеховой байқағандай, “әлеуметтiк маңызды жобаларды жүзеге асыру барысына электронды мониторниг жүйесiн енгiзу арқылы МАМ бюджет қаражатын жұмсаудың шынайылығын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешудiң заманауи мысалын көрсетiп отыр. Бұл қоғамдық бақылауды тиiмдiрек түрi. Шын мәнiнде, елiмiздiң барлық азаматтарына жобалардың жүзеге асу барысын мониторинг жүргiзудiң кең қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жаңа керемет ақпараттық қауымдастық механизмi енгiзiлдi”.

Тұсаукесер қорытындысы бойынша мемлекет пен ҮЕҰ өзара ықпалдастығы мәселелерi жөнiнде белсендi пiкiрлер алмасу болды. Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң жауаты хатшысы Ж.Құрманғалиева азаматтық сектор өкiлдерiн қызықтыратын барлық сұрақтарға нақты түсiндiрулер бердi. Iс-шара соңында Жауапты хатшы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнң ашық конкурсына үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерiн белсендi қатысуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары