БАНКТЕРМЕН БӘСЕКЕ: ЖАҢА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР

БАНКТЕРМЕН БӘСЕКЕ: ЖАҢА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР

БАНКТЕРМЕН БӘСЕКЕ: ЖАҢА ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР
ашық дереккөзі
199

Банктердiң көпшiлiгi қаржылық дағдарыс кезiнде тәуекелдiк менеджментiнiң әлсiздiгi кесiрiнен салымшылар сенiмiнен айырылып қалды. Үкiмет банктердегi депозиттерге балама жол ретiнде 15 млрд. доллар көлемiнде мемлекеттiк құнды қағаздарды нарыққа шығаруды көздеп отыр. Ал сыртқы қарызға белшеден батқан банктерге мемлекет тарапынан қойылатын талаптар биыл күшейе түспек.

2009 жылдың 1-шiлдесi күнгi ақпараттар бойынша, қазақстандық екiншi деңгейлi банктердiң сыртқы қарызы 32 млрд. доллар көлемiнде. Әлемдiк қаржылық дағдарыс уышға бастаған 2007 жылдың соңында бiздiң банктердiң борышы 46 млрд. долларға теңгерiлген едi. Небары 1,5 жылдың iшiнде, яғни, 7-тоқсанда қарыздың 1,5 есеге күрт қысқаруын ҚР Ұлттық Банкiнiң басшысы Григорий Марченко “ТұранӘлемБанкi” мен Альянс банкiнiң қарыздарын қайта құрылымдаудың арқасында ЖIӨ-нiң 50 пайыздық көрсеткiшiнен 26 пайызға бiр-ақ төмендейтiнiн көлденең тартады. Ресми деректерге сүйенсек, үстiмiздегi жылдың алғашқы жартысында отандық жекеменшiк банктердiң iшкi қаржы қоры 150 млн. iшкi қаржы қоры 150 млн. долларға өсiп, қарыздары 5,9 млрд. долларға азайған. Сондай-ақ, банктерге салынған ұлттық валюта түрiндегi депозиттер көлемi де артыпты. Есесiне, шетелдiк валюта түрiндегi депозиттер едәуiр қысқарған. “Жыл басынан берi банктердiң экономиканың нақты саласына бөлген несиелерi 8,4 пайызға өстi” деп мәлiмдеген Марченко қаражаттың басым бөлiгi “Самұрық-Қазына” қорына тиесiлi екендiгiн жеткiздi.

Қаржылық дағдарысқа дейiн арзан әрi жеңiл несиенiң арқасында пайдаға шаш-етектен кенелген екiншi деңгейлi банктердiң бұрынғы “батпан құйрықтан” қағылғаны анық. Өйткенi, қазақстандық қаржы саласын дамытуға арналған жаңа тұжырымдамада банк саласының сырттан тартатын қаржысы 30 пайызбен шектелмек. Кезiнде тәуекелдiк менеджментi сыр берiп алған қаржылық ұйымдар Үкiмет пен Ұлттық банктiң талаптарын қабылдамасқа шаралары жоқ. Үстiмiздегi жылдың қыркүйегi мен қазаны аралығында талқыға салынатын жаңа тұжырымдама туралы Премьер Мәсiмов: “Сырттан тартылатын қарыз көлемiн бекiту – өте маңызды шара. Себебi, ертең дағдарыс аяқталған кезде мұны бекiтуге мүмкiндiк болмай қалады” дедi. Мәсiмов пен Марченконың бақылауын Қаржылық нарық пен қаржылық құрылымдарды реттеу және қадағалау агенттiгiнiң жетекшiсi Елена Бахмутова ханым банктердi тексерудiң жаңа тәсiлдерi туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, борышкерлерге шетелдiк валюта түрiнде кiретiн кiрiсi жоқ немесе алған валюталық қарызын сақтандыратын құралы жоқ азаматтарға шетелдiк валюта түрiнде несие беруге қатысты қойылатын талаптар күшейтiледi. 2009 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап шетелдiк валютада берiлген несиелер күмәндiлiктiң 3 деңгейi бойынша (яғни, тәуекелдiлiгi өте жоғары) бағалануы мүмкiн. Ал офшорлық аймақтарға тiркелген жеке тұлға, еншiлес немесе тәуелдi компаниялар қарыз ретiнде берiлетiн қаражаттан қағылады. Тағы бiр жаңалық, банктердiң құрылымдық және жеке қаржы көлемi 5 млрд. теңгеден, ал Алматы мен Астана қалаларынан жырақта жатқан аймақтық банктердiң қаржы қоржыны 2 млрд. теңгеден кем болмауы тиiс. Қосымша шарт – аймақтық банктер сол аймақтардағы шаруашылық нысандарға қаржылық қызмет көрсетуге және мұндай қызмет көлемi банктер әрекетiнiң 50 пайызынан кем түспеуi керек.

Тәуекелдiк менеджементiнiң әлсiздiгi кесiрiнен салымшылар сенiмiнен айырылып қалған кейбiр банктiң керi әсерi елiмiздегi барлық банкке тидi. Бүгiнде қолдағы қаражатын кепiлдi сақтандыруға мүдделi халыққа қосымша құрал қажет. Осы орайда, Үкiмет апта басында АҚШ долларына байлаулы жаңа құрал ұсынды. Қаржы министрлiгiнiң хабарлауынша, 15 млрд. теңге көлемiнде мемлекеттiк құнды қағаздарды шығарғалы отыр. Үкiметтiк кеңесте К.Мәсiмов аталған мемлекеттiк құнды қағаздардың жекеменшiк банктердегi депозиттерге балама вариант болатынын мәлiмдедi. Ал Қаржы министрi Болат Жәмiшевтiң хабарлауынша, бұл құнды қағаздардан түсетiн кiрiс шетелдiк валюта түрiндегi депозиттерге қарағанда аз көрiнедi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары