ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ОЙДАҒЫДАЙ ЖҮРIП ЖАТЫР

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ОЙДАҒЫДАЙ ЖҮРIП ЖАТЫР

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ОЙДАҒЫДАЙ ЖҮРIП ЖАТЫР
ашық дереккөзі
252

Биылғы жаз жаңбырлы болса да “Астана-Петропавл” жолының құрылысы жоспар бойынша, кестеден ауытқымай жүзеге асып келедi. “BI Group” холдингiне кiретiн “Қазақжолқұрылыс” компаниясы жолдың ең қиын бөлiгiн, яғни ағымдағы жылдың аяғына дейiн пайдалануға берiлетiн алтыжолақты асфльтбетондармен қапталған 184 километрден 230-шы километрге дейiнгi жол бөлiгiн және жөндеу жұмыстарынан кейiн төрт жолақты тақтайдай жол болатын 240 километрден 280 -шi километрге дейiнгi жолды қайта жөндеуге кiрiстi.

Жақында жөндеу жұмыстарымен егжей-тегжейлi танысу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев арнайы келген болатын. Жолдың толық пайдалануға берiлетiн уақыты және жөндеу жұмыстарының кезеңдерi жөнiнде Елбасына Көлiк және коммуникация министрi Әбiлғазы Құсайынов есеп бердi. Жолды жасау жобасына тапсырыс берген Көлiк және коммуникация министрлiгi жұмыс барысын жiтi бақылап отыр. Жұмысшыларға минстрлiк өкiлдерiнiң тағатын ешқандай мiнi жоқ. Бүгiнгi таңда “Қазақжолқұрылыс” ЖШС – елiмiздегi жол-құрылыс нарығында өзiн жақсы қырынан таныта бiлген iрi автожол компаниясы.

“Қазақжолқұрылыс” компаниясының жұмысына тек жаздың жаңбырлы күндерi бөгет болып отырған жоқ, сондай-ақ жыл аяғына дейiн пайда болатын 12 жолайрық пен бағыткөрсетушi жолдардың салынуы да қиындықтар тудыруда. Дей тұрғанмен, құрылысшылар ештеңеден қамықпай жолдың бiраз бөлiгiн және жолайрықтарды 2010 жылға дейiн пайдалануға берудi жоспарлап отыр.

“Астана-Петропавл” жол құрылысына “Қазақжолқұрылыс” компаниясымен бiрге 2000 адам және 400-ге жуық автокөлiктер мен арнайы техника атсалысуда. Жол сапасына керi әсерiн тигiзбей, оның құрылысын жеделдететiн Wirtgen фирмасының бетонтөсегiш кешен -компанияның мақтанышы.

“Құрылысқа қажеттi негiзгi тауар осы жерде, Ақмола облысындағы бiздiң зауыттарда жасалады. Ендеше, құрылысқа қажеттi материал жеткiлiктi болмақ, сондай-ақ осы құрылыстың арқасында көршi елдi мекеннiң тұрғындары жұмыспен қамтылды. “Қазақжолқұрылыс” ЖШС осы өңiрдiң негiзгi салық төлеушiсi: осы жылы компания мемлекетке 1 млрд.теңгеге жуық салық төлейдi”-дейдi “BI Group” ходингiнiң директоры Айдын Рахымбаев.

Холдингтiң бес майда тастар, екi бетон және үш асфальт зауыты бар. Бұл зауыттар жол және басқа да жобалар құрылысының қажеттiлiктерiн өтейдi. “Қазақжолқұрылыс” компаниясының жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттен 46 млрд. теңге бөлiндi.Бұл қаржының бiраз бөлiгi игерiлдi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары