ШРЕДЕР, ЧЕЙНИ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР...

ШРЕДЕР, ЧЕЙНИ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР...

ШРЕДЕР, ЧЕЙНИ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР...
ашық дереккөзі
244

4-шi KAZENERGY Еуразиялық Энергетикалық Форумына 800-ден астам адам қатысады

4-шi KAZENERGY Еуразиялық Энергетикалық Форумының жұмысына АҚШ, Германия, Ресей және басқа мемлекеттерден келетiн мәртебелi қонақтар қатысады. Форумның мәртебелi қонақтары ретiнде бiрiншi рет АҚШ-тың 46-шы вице-президентi, қазiргi америка кәсiпкерлiк институтының қамқоршылық кеңесiнiң мүшесi Ричард Б. Чейни (Richard B. Cheney) және Германияның 33-шi канцлерi, қазiргi “Nord Stream AG” акционерлер комитетiнiң төрағасы, директорлар кеңесiнiң мүшесi Герхард Шредер (Gerhard Schroder) қатысады.

Герхарда Шредер және Ричард Б.Чейнидiң Форумның жұмысына қатысуға деген ықыласы, шараның жоғары беделiнiң, сонымен қатар құрлықтық ауқымдағы iрi диалог алаңы ретiнде қабылдануының бiр айғағы болып табылады.

Шет елдiк спикерлердiң қатарында сонымен қатар, Тайланд Корольдiгiнiң энергетика министрi Уаннарат Чаннукул (Wannarat Channukul), Дүниежүзiлiк мұнай кеңесiнiң Президентi Рандал Госсен (Randall Gossen), “Газпром” компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллер, Әзiрбайжан Республикасының мемлекеттiк мұнай компаниясының Президентi Ровнаг Абдуллаев, Дүниежүзiлiк Энергетикалық Кеңесiнiң басшылары мен өкiлдерi, Еуропа қайта құру және даму банкi, Дүниежүзiлiк банк, Chevron, Exxon Mobil, Royal Dutch Shell, BG Group, ConocoPhillips мұнай алпауыттары, JP Morgan Plc, HSBC Bank Plc, Platts және басқа iрi инвестициялық компаниялар, банктер мен баға агенттiктерiнiң өкiлдерi бар.

Форумның жоғары мәртебелi қонақтары, баяндама жасап, ғаламдық дағдарыс шарттарында құрлықтың энергетика қауiпсiздiгi және дүниежүзiлiк газ нарығының даму болашағы, дағдарыстың салдарынан қайта қарастырылатын көмiрсутектi шикiзат бағасының қалыптасу үдерiсi тақырыптарында өтетiн баспасөз мәслихаттары мен дискуссияларға қатысады.

Сарапшылар биыл мұнай шығару өнеркәсiбiнiң дамуының 110 жылдығын атап өтiп жатқан Қазақстанның, Еуразия құрылығының энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде үнемi артушы маңыздылығын мойындауда. Осыған орай 4-шi KAZENERGY Еуразиялық Энергетикалық Форумы әлемдiк мұнай газ саласының дамуында зор үлесi бар маңызды тұлғалар мен компаниялардың назарын өзiне аударып отыр.

“Бүгiн көмiрсутектi қазып шығару мен экспорттауға қатысты бiрiккен мәселелер маңызды ғана емес, олар көптеген елдердiң, энергетика нарығында қандай салмаққа ие болғандықтарына қарамастан, сыртқы саясатын айқындайтын басымды дәйек болып келедi. Бiз әлемдiк мұнай және газ нарығында бәсекелестiк пен мөлдiрлiктi арттыру жөнiндегi өзектi мәселелердiң шешiмi үшiн ынтымақтастықтың мүмкiндiктерiн талқылауға дайынбыз”, — деп мәлiмдедi “KazEnergy” ассоциациясының бас директоры Жамболат Сарсенов.

Бұдан басқа, 21 мен 26 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Тәуелсiздiк Сарайында өтетiн 4-шi Қазақстандық Энергетика Аптасы аясында, Қазақстан мұнай көрмесi мен ҚР мұнай және газ саласының үздiк мамандары мен компанияларына “Алтын Прометей” сыйын тапсыру салтанаты өтедi деп жоспарлануда. Ал Аптаның барысында, энергетика саласы бойынша маңызды тақырыптарда алқалы отырыстар мен презентациялар өткiзiледi. Аптаның энергетика нарығының өзектi мәселелерiн шешу, оңтайлы шешiмдер iздеу және ұсыныстар тағайындауды талқылайтын ауқымды да тиiмдi алаң болатыны күтiлуде.

Жобаның бас құрылтайшысы ретiнде қазақстандық “KazEnergy” Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешенi ұйымдарының ассоциациясы”, ал ұйымдастырушысы “Expo.kz” көрме — конференция компаниясы болады. Аптаға ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi және Астана қаласының Әкiмшiлiгi ресми демеу көрсетедi.

“Көмiрсутек шикiзатын өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы диалогтың тереңдей түсуi, энергетика нарығы ойыншыларының тұрақсыздыққа байланысты тәуекелдерiн төмендетулерiне көмектеседi және саланы керектi инвестициямен қамтамасыз етедi деп ойлаймыз. Сол үшiн де бiз дискуссияға кең орын ұсынып отырмыз”, — дедi “Expo.kz” ЖШС директоры Диляра Ибрагимова.

Аптаның бас демеушiсi “Тенгизшевройл” ЖШС

Серiктестерi

KazMunaiGaz, Baikonur Machinary Group, BG International Ltd (Kazakhstan), ExxonMobil Kazakhstan Inc., Honeywell, NCOC, Repsol Exploration Kazakhstan, S.A., Shell Kazakhstan Development B.V., Weatherford International Ltd., ConocoPhillips, KPO B.V. Allianz, Total E&P Kazakhstan, Central Asia Swiss, Lukoil Overseas Service Ltd.

Аптаның бас ақпараттық серiктестерi

Интерфакс-Казахстан, “Астана қаласының Телевизиясы”.

Аптаның ақпараттық серiктестерi

Хабар, Казинформ, “Известия — Казахстан” ЖШС, “Нұр Астана”, “Түркiстан” газеттерi, НС Радиосы, 105.9 FM, “Телекомпания Эра” ЖШС, “Комсомольская правда в Казахстане” ЖШС, Аргус-Медиа, Эксперт Казахстан, Капитал КЗ, Central Asia Monitor, “Успех-Success” Республикалық бизнес-журналы, Caspian Energy Халықаралық баспа үйi, “TREND” халықаралық ақпарат агенттiгi, “Petroleum” журналы, Қазақ радиосы, Деловая волна, Курсив, Астана радиосы, Бизнес и Власть, “Caspian” журналы, Эксклюзив журналы, Казахстан ТВ, Егемен Қазақстан, Каспианет, Литер, Айқын, РБК, Про финанс, Персонал, Бизнес Life, Oil&GAS, Эксклюзив, Қазақстан iскерлiк журналы, Маңғыстау газетi (каз), Актюбинский вестник, Ақтөбе (каз), Орал Өңiрi, Приуралье (Уральск ), Бизнес в Казахстане, Нефть и Газ, Мир Качества, Вектор Каспия, “Деловой Казахстан” газетi.

Қазақстандық Энергетика Аптасы туралы қосымша ақпаратты мына сайттардан ала аласыз:

www.kazenergy.com; www.kazakhstanenergyweek.com; www.expo.kz

Серіктес жаңалықтары