3 күнде 3 мыңнан астам адам жол ережесін бұзды

3 күнде 3 мыңнан астам адам жол ережесін бұзды

3 күнде 3 мыңнан астам адам жол ережесін бұзды
ашық дереккөзі
288

Еліміздің бас қаласы – Астанада 9 полицей жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.

19-22 маусым аралығында Астана қаласында «Қауіпсіз жол» деп аталатын республикалық шара өткізілген. Аталмыш шара аясында елорданың жол-патруль полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне өтіп, автожолдардағы басқылау жасақтары нығайтылды. Арнайы республиканың шара кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған 3 мыңнан астам дерегі тіркеліпті. Атап айтар болсақ, жылдамдық режимін асырудың 400, қауіпсіздік белбеуін тақпаудың 382, көлік құралын жүргізу сәтінде ұялы телефонмен сөйлесудің 272, маневр жасау ережесін бұзудың 124, апат жағдайын туғызудың 96, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетудің 32, көлікті мас күйінде жүргізгендердің 33, жаяу жүргінші белгісі көрсетілмеген жерден өткендердің 230, құжатсыз көлік басқарғандардың 39 дерегі тіркелген. Жол полициясының қолына түскен құжатсыз көлік басқарған жүргізушілердің 10-ы осыған дейін көлік жүргізу куәлігінен айырылып қалған екен. Жол ережесін бұзғандардың барлығы жазаға тартылды.

Серіктес жаңалықтары