"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ" ҚАЗАҚШАСЫ ҚАЛАЙ?

"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ" ҚАЗАҚШАСЫ ҚАЛАЙ?

"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ" ҚАЗАҚШАСЫ ҚАЛАЙ?
ашық дереккөзі
358

"Қазақтелеком"-ның 160, 165 нөмiрлерiне кешкiлiк уақытта, не болмаса демалыс күндерi телефон шалсаңыз, қысқа нұсқа әрi ұғынықты хабар, анықтама ала алар ма екенсiз: "… кешiрiңiз, операторлардың жұмыс тәртiбi дүйсенбi күнiнен бастап жұмаға дейiн: 8-ден бастап 19-дан сағатқа дейiн, сенбi күнi 8-ден бастап, 16-дан сағатқа дейiн. Жұмыс уақытынан тыс сонымен қатар демалыс және мереке күндерi Сiздiң шақыруыңызға тек автоматты тәртiпте қызмет көрсетiлуi мүмкiн…" деп жауап бередi екен.

Қате өрiп жүр, қазақ мектебiн бiтiрсем де құлағыма сөзi жақпады: "… кешiрiңiз, операторлардың жұмыс (тәртiбi) уақыты дүйсенбiден (күнiнен бастап) жұмаға дейiн: сағат 8-ден бастап 19-ға (-дан сағатқа) дейiн, сенбi күнi сағат 8-ден (бастап), 16-ға (сағатқа) дейiн. Жұмыс уақытынан тыс, сонымен қатар демалыс және мереке күндерi Сiзге (шақыруыңызға) сұрағыңызды (тек автоматты тәртiпте қызмет көрсетiлуi мүмкiн…) жазып алу арқылы қызмет көрсетiлуi мүмкiн".

Сонда дұрысы: "… кешiрiңiз, операторлардың жұмыс уақыты дүйсенбiден жұмаға дейiн: сағат 8-ден 19-ға дейiн, сенбi күнi сағат 8-ден, 16-ға дейiн. Жұмыс уақытынан тыс, сонымен қатар демалыс және мереке күндерi Сiзге сұрағыңызды жазып алу арқылы қызмет көрсетiлуi мүмкiн" болуы керек едi.

Осы қызмет жұмыс басталуға бiрер минут уақыт қалғанда қалай сөйлейдi екен деп тағы телефон шалдық.

Қазақшасы: "Кешiрiңiз, қазiргi уақытта барлық операторлар бос емес. Шамаланған күту уақыты 12 минут".

Орысшасы: "Извините, в настоящее время все операторы заняты. Предполагаемое время ожидания12 минут".

Қазақшасы бiрiншi кезекте айтылса-дағы орысшасының сөзбе-сөз "аудармасы"?! Қай қазақ "шамаланған" дейдi? "Операторлар бос емес" деп те айтылмайды, олар шөлмек, не болмаса бөшке емес.

Қазақтар: Кешiрiңiз, қазiр операторлардың қолы бос емес, шамамен 12 минут күтуiңiзге тура келедi, – десе керек.

Олқылықтар шаш етектен, алайда басты кемшiлiктерге ғана тоқталып өтудi жөн көрдiм. Кәсiпорын басшылығы айтылған (жазылған) сынға құлақ асып, кемшiлiктердi жояды деген үмiттемiн.

Төлен РАМАЗАНҰЛЫ,

Павлодар қаласы

Серіктес жаңалықтары