ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ
ашық дереккөзі
259

Былтырғы 9 аймен салыстырғанда, инфляция деңгейi үстiмiздегi жылдың қыркүйегiнде 4,3 пайызға артқан. Қымбатшылық әсiресе, ақылы қызмет көрсетуге, азық-түлiктiң кейбiр маңызды түрi мен коммуналдық төлемдер, оның iшiнде, жарық, су, газ т.б. қатысты. Қарапайым халықтың жанды жерi де – осы.

ҚР Ұлттық банкiнiң төрағасы Григорий Марченко қыркүйектiң басында өткiзген баспасөз мәслихатында үстiмiздегi жылдың тамыз айында инфляция төмендеп, 6,2 пайыз төңiрегiне тоқтағанын жеткiзген болатын. «Жыл басынан берi қайта қаржыландыру ставкасын осымен жетiншi рет төмендетiп отырмыз. Инфляция 2003 жылдың қыркүйегiнен кейiнгi ең төмен деңгейде» деп мәлiмдеген Марченко бұл өзгерiстердiң тиiмдi дамуға оң ықпал ететiнiн айтқан. Алайда, Марченконың мәлiмдемесiнен кейiн «сабасына түсе қойған» инфляция жоқ. Негiзi мемлекеттiк органдардың «бақыттан бас айналдыратын» баяндамаларына ендiгi етiмiз үйренiп кеттi. Сондықтан мұндайда статистика мен нақты өмiрдегi шынайы деректерге сүйенемiз. ҚР Статистика жөнiндегi агенттiктiң деректерiне сүйенсек, 2009 жылдың қыркүйегiнде Қазақстандағы инфляция 0,4 пайызға тең (тамыздағы көрсеткiштер 0,2 пайызбен шектелген едi). Елiмiздегi ақылы қызмет көрсету өткен айда – 1 пайызға, азық-түлiк түрiне жатпайтын тауарлар құны 0,7 пайызға көтерiлсе, тамақ бағасы керiсiнше, 0,3 пайызға арзандаған көрiнедi. Мысалы, нан – 0,1%, жарма өнiмдерi – 0,3%, ұн – 1%, жемiстер – 4%, көкөнiстер – 4,9%. Ал қымбатшылыққа келсек, қант – 6%, жұмыртқа – 3,4%, шикi сүт – 1,6%, өсiмдiк майы – 1,3%, шошқа етi – 1,2%, шай мен какао – 0,8%, балық және теңiз өнiмдерi – 0,7%, дәрi-дәрмек – 0,8%, жанар-жағар май – 5,6%, жермай – 0,7%. Бағаның өсуi коммуналдық төлемдердi сырт айналып өтпейтiнi белгiлi. Сол себептi, жарық – 3,8%, суық су – 1,5%, ыстық су – 0,2%, сығымдалған газ 1,1%-ға қымбаттаған. Агенттiк сарапшылары 2009 жылдың алғашқы 9 айын 2008 жылдың сол кезеңiмен салыстырғанда, 4,3 пайызға артқанын көлденең тартады. Оның iшiнде, жемiс-жидек пен көкөнiс – 2,3%, макарон өнiмдерi – 3,2%, сүт өнiмдерi – 5,2%, шай мен какао – 22,6%, нан – 3%, май және тоңмай – 18,4%, ет және ет өнiмдерi – 5,8%, шұжық өнiмдерi – 8,4%, жылқы етi – 4,2%, қой етi – 0,7%-ға өскен.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары