ИОРДАНИЯ ҚАЗАҚ АСТЫҒЫНА МҮДДЕЛI

ИОРДАНИЯ ҚАЗАҚ АСТЫҒЫНА МҮДДЕЛI

ИОРДАНИЯ ҚАЗАҚ АСТЫҒЫНА МҮДДЕЛI
ашық дереккөзі
303

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түбiмiз бiр түркi халқының астанасы — Түркия мемлекетiне жасаған сапары Иордания Корольдiгiнде жалғасты. Анкарадағы ресми кездесулер барысында Елбасы бауырлас, қандас елмен әрқашан саяси, экономикалық, рухани әрiптестiктi нығайта түсетiнiн жеткiзiп, Қазақ елiнiң тәуелсiздiгiн алғаш мойындаған Түркия жұртының ыстық ықыласына бөленiп, атбасын Араб елдерiне бұрды.

Араб елдерiне арналған жұмыс сапарын Елбасы Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнен бастағаны бекер емес. Аталмыш сапар Иордан Королi Абдолла II Бен Хусейннiң шақыруы бойынша бастау алған. Арнайы кездесулерден кейiн мемлекет басшысы Испан королi Хуан Карлос I, Швеция королi Карл ХVI және Бахрейн елiнiң мұрагер ханзадасы Салман Бен Халид әл-Халифпен кездестi. Бiр-екi күндiкте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордания Хашимидтiгiне екi күндiк ресми сапары басталды. Жалпы, бұл — Елбасының Иорданға 2006 жылдың қарашасынан кейiнгi екiншi iссапары. Сапар барысында екi жақты кездесулер жүргiзiлiп, экономикалық қатынасты дамыту жайы талқыланып, екi ел кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форум болып өттi. Иордания Корольдiгiнiң астанасы Амман мен Астана қалаларының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын келiсiм жасалып, құжатқа екi елдiң қала басшылары Омар әл-Маани мен Иманғали Тасмағамбетов қол қойды. Жүздеген жылдық тарихы бар Амман қаласын басқару тәжiрибесi, қалалық инфрақұрылымды дамыту, ауызсу тапшылығымен күрес секiлдi мәселелер Қазақстанның Астанасына да аса пайдалы. Астана қаласы әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, жаңа құжат, астаналарымыздың арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, қала тұрғындарын да жақындата түспек.

Қазақстан Президентi Король Абдолла II атындағы өндiрiстiк-конструкторлық бюроның индустриялық паркiне барып, онда жеңiл көлiктi қайта жаңғыртатын зауыттың жұмысымен танысты. ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәлiметiнше, жоғары деңгейдегi келiссөздер барысында Иордан басшысының Қазақстанға жасаған сапары кезiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, екi елдiң саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазiргi жағдайы мен келешегi талқыланды.

Шындығында, Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық қарым-қатынас жыл санап нығайып келе жатыр. Десек те, екi елдiң кәсiпкерлерi мен iскер адамдары «Қолда бар алтынның қадiрi жоқ» демекшi, өз мүмкiндiктерiн мейлiнше пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Әсiресе, ауылшаруашылығы, фармацевтика, туризм саласы бойынша екi елдiң бiрiгiп атқарар шаруасы шашетектен. Бүгiнде Иорданияның кәсiпкерлерi егiнi бiтiк шығатын қазақ елiнiң құнарлы жерiне көз тiгiп отыр. Неге десеңiз, олар бiздiң астығымызды сатып алуға бiраз жылдан берi мүдделiлiк танытып келедi.

Әрине, екi ел бiр бiрiмен тiкелей көршi болмағандықтан, тауар айналымын бiрден арттыра салу оңай емес. Көлiк шығыны бiраз қиындықтар туғызары сөзсiз. Соған қарамастан, екi ел кәсiпкерлерi ортақ кәсiпорындар ашуды көздеп отыр. Иордания өндiрiстiк палатасы басқармасының мүшесi Мұхаммед Валид Тавыл: «Қазiргi уақытта бизнес үшiн арақашықтық қиын мәселе емес. Басты мәселе, салған қаржымыз, сенiмдi қолда болуы. Сондықтан да, иордан бизнесмендерi Қазақстанға деген қызығушылығын жасырмайды» деп жүрекжарды қуанышын жеткiздi.

Негiзi Қазақстан мен Иордан арасындағы дипломатиялық байланыс 1993 жылы басталыпты. Елiмiздiң Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң деректерi бойынша, 2008 жылы екi жақты тауар айналымының көлемi 75 млн. долларды құраса, 2009 жылдың қаңтар — тамыз айларында бұл көрсеткiш 20 млн. долларға жетiп, 3,4 есеге төмендеген. Бұл ретте тараптар Қазақстан аумағында астық өңдейтiн бiрлескен кәсiпорын құрып, Қазақстан бидайын және астық өнiмдерiн Иорданға тасымалдау арқылы сауда-саттықтың көлемiн ұлғайтуды көздеп отыр. Амманда өткен Iскерлiк кеңестiң үшiншi отырысында Ауыл шаруашылығы министрi Ақылбек Күрiшбаев 2002-2006 жылдар кезеңiнде Иорданияға 820 мың тонна Қазақстан бидайы жеткiзiлгенiн, бұл ретте екi елдiң ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының болашағы зор екенiн айтты. Қазақстанның Иорданиядағы елшiлiгiнiң деректерiне қарағанда, қазiргi таңда Қазақстанда бiрнеше иорданиялық компаниялар жұмыс iстейтiн көрiнедi.

Осы сапар алдында Қазақстанның Иорданиядағы мәдениет күндерi болып өттi. Шара аясында араб түбегiнiң ежелден келе жатқан халқы, Алтай мен Атырау арасын ғасырлар бойы қоныс еткен қазақ жұртының, көне дәстүрi мен қазiргi заман тарихына терең бойлап, тәнтi болды. Арнайы көрмелер ұйымдастырылып, әннен шашу шашылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Мұнда “Алтын адам” бастаған қазақтың көне жәдiгерлерi қойылды. Одан кейiн Иорданияның ең үлкен сахнасында өнер адамдары концерт қойды. Бұл екi елдiң мәдени ғана емес, мемлекеттiк деңгейде байланыстың жан-жақты дамуының игi дәстүрi деп бiлемiн» деп атап өттi.

Қазақстан Президентi Н.Назарбаевтың Иорданияға жасаған ресми сапары қарашаның 4-i мен 6-сы аралығында Италия мен Ватиканда жалғасын табады. Елбасы Рим папасы Бенедикт XVI және Қасиеттi тақ мемлекеттiк хатшысы Тарчизио Бертонемен кездеседi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары