«МӘРТЕБЕ ТӨРIНIҢ» ТЫҢ IСТЕРI

«МӘРТЕБЕ ТӨРIНIҢ» ТЫҢ IСТЕРI

«МӘРТЕБЕ ТӨРIНIҢ» ТЫҢ IСТЕРI
ашық дереккөзі
276

Жақында «Мәртебе төрi» атты қайраткерлер қоғамы мен бизнес клубының кезектi кездесулерi өттi.

Қазақ елiнiң қамын жейтiн қайраткерлер және патриотшыл iскер мамандар бiрсыпыра өзектi мәселелердiң шешiмiн табудың жолдарын iздестiрген.

Мiне, сөз бен iстiң бiрiккен нәтижесi! Олардың көбi тек сылдыр сөздiң иелерi емес, жар құлағы жастыққа тимей жүрген көрсеткiшi жоғары кәсiпкерлер. Олар әр кез, әр сәт iспен шұғылданатын болғандықтан, жалаң сөзге қолы тимейтiн, уақыттары тығыз жандар, яғни, кәсiпқой бизнесмендер.

«Мәртебе төрiн» басқарушы әрi жүргiзушiсi Қазыбек Шайх: «Бiздiң ұйым егемендiк алған елiмiздiң iскер азаматтарын әлемге таныстыру, олардың сырын ашып, iскерлiгiн баяндап жазу, бiрiге iс тындырып жұмыс iстеу мақсатында ашылды. Осындай тұлғаларға қолдау көрсетiп, пайдалы iске тарту, қабiлет-мүмкiншiлiгi бар адамдарды, дарынды жастарды, көп балалы аналарды «Мәртебе төрiнiң» ардагерлерiнiң мүшелiгiне, бизнес орталығының мүшелiгiне шақыру.

Халқымыздың рухани, мәдени, тарихи және жер, су құндылықтарын Веб кеңiстiкте насихаттауды, бiрлесе iс жүргiзудi көздеймiз. Сондықтан, интернет желiсiнде тарайтын «Шайх» атты креативтiк шешiмдер агенттiгiнiң танымдық интернетдидары WWW.808.kz жұмыс iстейдi» — дедi.

Аталмыш интернет жүйесiнiң таңбасы «Мәртебе төрiнiң» шымылдығындағы Тұран стилiндегi символдарымен қатарлас жазылған және әркiмнiң төсiнде тағылған едi. Бұл көрiнiстер дизайнер Ажар Әбiлтайқызының авторлық еңбектерi екен.

Келесi баяндамашы Жетiсу ауданының әкiмi Әлiқұлов Ербол Шымкентбайұлы болды. Қырықтың қырқасынан әлi өтпеген жас әкiмнiң парасаты, зерделi бiлгiрлiгi, қиын мәселелердi тез шеше бiлушiлiгi жиналғандарды риза еткен.

Кеште «Зиба» атты модельдер үйi үй iшiлiк киiмнiң шығыстық үлгiлерiн көрсеттi. Аяқтарына мәсi киген модельдердiң жiбектен тiгiлген орамал-көйлектерi биязы пiшiм-пошымдары жұртшылыққа өте жақсы әсер қалдарды.

Дисплей интермедиясының iргесiн қалаушы Мамиров Хакiмжан өз саласындағы қиыншылықтарын айтты. Сандық (цифровой) телеарнасы жарнамалар көрсетедi екен. Ол үлкен мамандықты, талғампаздық пен бiлiмдiлiктi мойындататын iс. Хакiмжан осы күннен бастап қатысқан кәсiпкерлердiң бiр ай бойы жарнамасын елу пайызға арзандататынын айтып, жұртшылықты қуантты.

Әр саладағы кәсiпорындар, озық ойлы кәсiпкерлер көбейсе елiмiздiң көркейе түсуi ақиқат.

Өкiнiшке қарай, елiмiзде ұлт кәсiпкерлерiнiң саны әлi де елу пайыздан көп төмен болғандықтан осындай iс-шаралар көбiнде орыс тiлiнде жүргiзiледi де, пайда тiлi мен ақша тiлi қазақшаға мақаулана бастайтыны құпия емес.

Кәсiпкерлер — ұлт қазығы, байлық өндiрушiсi, ұйқылы-ояу болмысымыздан құтқарушысы.

Алайда, ұлт кәсiпкерлерi құлашын әлi күнге кеңге жая алмай келедi. Қазақ халқының болашағына жол ашатын iскер азаматтарымыз ұлт алдындағы жауапкершiлiгi әрқашан есте ұстағаны абзал.

Гүлмайраш ТӨЛЕКБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары