290
“АЛТЫН ЖҮРЕКТIҢ” АЛТЫН ЖҮРЕКТI ИЕГЕРЛЕРI
“АЛТЫН ЖҮРЕКТIҢ” АЛТЫН ЖҮРЕКТI ИЕГЕРЛЕРI
«Алтын жүрек» биылда өзiнiң алтын жүректi азаматтарын анықтады. Дәстүрге айналған бұл сыйлық қайырымдылық көрсеткен әрбiр жанға лайықты марапат болары сөзсiз. Қайырымдылыққа мәжбүр әрбiр жанның басынан сипау да оңай шаруа емес. Қанатының астына алып, қамқорлық көрсетiп жүрген абзал адамдарды дәрiптеп, «Алтын жүректi» сыйлық беру артық емес деп шешiптi «Бауыржан» қайырымдылық қоры.
Сонымен, биылғы «Алтын жүректiң» иегерлерi кiмдер?! 1. «Жетiм балаларға көрсеткен қамқорлығы үшiн» аталымы бойынша – Есiркеп Есiмханов «Алтынжүректi» иемдендi. Алматы облысының Балалар үйiне, жүйке жүйесi нашар мүгедектерге және де Талғар қаласының тұрмысы нашар жандарына қайырымдылық көмек көрсеттi. Арнайы жетiм балаларға арнап, көлемi 1000кв.м. болатын 3 коттедж тұрғызды. Тұрғызылып болғаннан кейiн, балалар өздерiн жақсы сезiнсiн деп iшiне жиһаз, компьютерлер, сондай-ақ қажеттi заттарды орналастырды. Коттедждiң төңiрегiнде 200 роза егiлген жазғы ашық және қысқы жабық бассейнi бар. Болашақта балалар ойнайтын волейбол, баскетбол, футбол алаңын салу жоспарда тұр. 2. «Бiлiмдi дамытуға қосқан үлесi үшiн» аталымы бойынша – Қайрат Беркiнбаевқа берiлдi. Өзiнiң жеке қаржысына оқушыларға арнап 200 мектеп салды. Сондай-ақ, Созақ ауданының, «Қызылкөл» аулында 40 орынға арналған Балалар үйiнiң салып бiтiлуiне ақшалай көмектестi. Беркiнбаев Қайратқа мейiрбандығы, жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасының басқармасы қажеттi бағасын бердi. 3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшiн» аталымына – Аружан Саин ие болды. Аружан қоғамдағы қайырымдылық ұйымын «Ерiктi қайырымдылық қорына» басшылық етедi. Бұл қор 2006 жылы құрылып, екi бағытта сәттi жұмыс iстеуде. Бiрiншi бағыт – Балалар үйiне жәрдемдесу. Екiншi бағыт — Қазақстанда емдеуге келмейтiн ауру балаларға көмек көрсету. «ДОМ» қайрымдылық қоры көптеген акциялар жүргiздi. Мысалы, дәрi-дәрмекке ақша жинау, балаларды мектепке дайындау, донорлық қан жинау және де жетiм балаларға арнап мерекелер жасау сияқты акцияларды ұйымдастырды. 3 жыл бойы қайырымдылық қорының арқасында 143 балаға көмек көрсетiлдi. 4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшiн» аталымы бойынша – Кайрат Боранбаев «Алтын жүректiң» иегерi атанды. «Спешиал Олимпикс Қазақстан» құрама командасына көмек көрсетiлдi. Команда құрамына Павлодар, Орал, Қарағанды облыстарының мектеп-интернат балалары, Өскемен және Семей облыстарының жетiмдер үйiнiң балалары кiрдi. 2009 жыл ақпан айының 3 және 17 жұлдызы аралығында Бөйсе қаласы, Айдохо штаты, АКШ-да мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған бүкiл әлемдiк арнайы қысқы олимпияда ойындары болып өттi. Қазақстан құрама командасы 55 адамнан тұрады. Онын iшiнде 40 бала мүмкiндiгi шектеулi балалар. Олар бұл олимпиадада 5 спорт түрiне қатысып 12 алтын, 8 күмiс және 9 қола жүлделерiн иелендi. 5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметi үшiн» аталымы – Гойкалова Людмила Александровнаға берiлдi Ол Алматы қаласының денсаулығы нашар, жалғыз қалған ардагерлерiн өз қамқорлығына алған. Оларға тек рухани ғана емес, қаржылай да көмек көрсеттi. Қалада Людмила Александровнаның қамқорлығын көрмеген бiрде-бiр зейнеткер жоқ. Людмила Александровна тұрмысы нашар отбасыларына қол ұшын берген. 6. «Жыл меценаты» аталымы Ермегияев Амангелдi Дiнұлына табыс етiлдi. Ермегияев Амангелдi мектептердегi, мәдениет ұйымдарындағы қалпына келтiру қызметтерiне, атақты ақын-жазушылардың шығармашылығын баспадан кiтап қылып шығаруға, жыл сайынғы 100 000 доллар бөлiнетiн «Айтыс» ұйымдастырушыларына демеушi болды. Алматы қаласындағы ықшам аудандар мен қала ғимараттарын салуға құрылыстық көмектер көрсеттi. Сонымен қатар жыл сайын Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Алматы және басқа да облыстардағы ҰОС-ның ардагерлерi, зейнеткерлер, тұрмысы төмен отбасылар үшiн газет-журналдарға төлем жүргiзедi. 7. «Ақпараттық қолдаушы» аталымы – Арманжан Байтасовқа бұйырды. Қазақстан эстрадасының дамуына, жас таланттарға көмек көрсете отырып, оларға эфирде уақыт бөлiп отырады. Балалар онкологиялық ауруханасына, Талғар балалар ауруханасына, № 2 балалар үйiне қаржылай комек көрсеттi. 8. «Жылдың қайырымды адамы» аталымының иегерi – Сапура Зайтжанқызы Әбдiрахымова. Зерек балаларға әр ай сайынғы стипендия бөлiнедi. Демеушi ретiнде Сапура Зайтжановнаның қаржылай көмегiмен, Шиелi ауылындағы «Алақай» балабақшасы жөнделдi, оның iшiне 25 жетiм балаларды асырау да кiредi. Әр кезде Сапура Зайтжанқызы шетте қалмастан, Президенттiң белгiлеген әлеуметтiк мәселелердi жүзеге асырып, сонымен қатар аумақтық әлеуметтiк мәселелерге көңiл бөледi. 9. «Жыл ұйымы» аталымы бойынша – «ҚазАтомпром Демеу» үздiк танылды. 2008-2009 жылдары Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарына қаржылай көмек көрсеттi. Мектептерге, балабақшаларға, мәдени-спорт орталықтарына, ауруханаларға қаржылай көмектестi. 10. «Өнер мен қайырымдылық» аталымының биылғы иегерi – Қыдырәлi Болманов болды. Балалар үйiне қаржылай көмек көрсетiлдi. Көптеген қайырымдылық концертiн қойып, 50 шақты қайырымдылық мерекелерiне қатысты. Жетiм балаларға арналған мейiрiмдiлiк концертiнде өнер көрсеттi. «Қарақат» ән мектебiнiң ашылуына көмектестi. Ол мектепте тұрмысы нашар отбасының балалары оқиды.
Едiге БЕКТАС