Байқоңырдағы білім беру ұйымдары қазақстандық стандартқа көшірілмек

Байқоңырдағы білім беру ұйымдары қазақстандық стандартқа көшірілмек

Байқоңырдағы білім беру ұйымдары қазақстандық стандартқа көшірілмек
ашық дереккөзі
290

Байқоңыр қаласындағы 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша қазақстандық стандартқа толық көшеді. Бұл туралы  Парламент Сенатының бүгінгі жалпы отырысында белгілі болды.

Сенат депутаттары отырыста  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы»  заңды қабылдады. Аталмыш заңның мақсаты – Байқоңырдағы қазақстандықтарға білім беруге қолайлы жағдай жасау. Сондықтан, енді Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдары Қазақстан тарапына берілмек. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қызылорда облысының бюджетіне жүктеледі. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Біздің министрлікке қазақстандық азаматтарды Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшада Қазақстанның мемлекеттік білім беру стандарттарымен оқыту мәселесін шешу жүктелген болатын. Осыған орай, 2014 жылдың желтоқсан айында  Мәскеу қаласында келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім бойынша 6   мектеп пен 1 балабақша Қазақстанның юрисдикциясына өтеді», – деді. Ал Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарының қазақстандық білім стандарттарына көшіру 2015 жылдың қыркүйегінен басталмақ.

Серіктес жаңалықтары