БIЛIМ МЕН ТӘРБИЕ – ЕГIЗ ҰҒЫМ

БIЛIМ МЕН ТӘРБИЕ – ЕГIЗ ҰҒЫМ

БIЛIМ МЕН ТӘРБИЕ – ЕГIЗ ҰҒЫМ
ашық дереккөзі
782

Ұлы философ, әлемнiң екiншi ұстазы атанған сопылық жолдың негiзiн қалаушылардың бiрегейi Әбу Насыр әл-Фарабидiң «Тәрбиесiз берiлген бiлiм – адамзаттың қас жауы» деген сөзiн оқыған сайын ерiксiз ойға шомамын. Осы сүбелi сөздi ой елегiнен өткiзе отырып бiлiм мен тәрбиенiң аражiгiн ажыратып алуды ұйғардым. Ұстаздықтың белгiлi бiр парызын өтеу жолында балалардың тәрбиесiне ме, әлде бiлiмiне ме, қайсысына бас назар аудару керек екен деген сұраққа жауап iздедiм. Ол сауалдың жауабын табу қиын болмады. Себебi бiлiм мен тәрбие – бiр-бiрiмен ұштасып жатқан дүние. Тәрбие болған жерде бiлiм, бiлiм болған жерде тәрбиенiң болары хақ.

Балалардың мектеп қабырғасында алған бiлiмi оның тәрбиесiне тiкелей әсер етедi. Яғни ұстаздар қауымы адамзаттың тәрбиесiне бiрден-бiр жауапты болған және солай бола бередi де. Әрбiр баланың санасына ең алдымен отбасы, сосын бiлiм алған ордасы ықпал етедi. Өзiмнiң ұстаздық жолымда осы қағиданы үнемi ескерiп отырамын. Шөлiркеген шәкiрттерiме бiлiмнiң тұңғиығынан су iшкiзiп, тәлiм-тәрбие беру – менiң ұстаздық мiндетiм деп бiлемiн. «Балаға жақсылап тәрбие бер, жаныңды ол тыншытып шаттыққа кенелтер». Иә, бiлiм берiп, тәрбиелеген шәкiрттерiм өмiрден өз жолдарын тауып жатса, ол менiң еңбегiмнiң жемiсi деп бiлемiн. Олардың шенеунiк болуы шарт емес. Бастысы тәрбиелi, бiлiмдi, парасатты, саналы азамат болуы – мен үшiн баға жетпес құндылық. Балалардың өзiм ойлағандай тәрбиелi болуы үшiн қолымнан келгенiнше өз үлесiмдi қосуға тырысып келемiн. Алдағы уақытта да балалардың бiлiмi үшiн әрдайым жалықпай еңбек ете бермекпiн. Ұстаздық ету мен үшiн жай ғана қызмет емес, өмiрiмнiң бiр бөлiгi деп айтар едiм.

Ләззат Шайхыдынова,

№110 орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi

Серіктес жаңалықтары