ЖҮСІПБЕКТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ЖҮСІПБЕКТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ЖҮСІПБЕКТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
ашық дереккөзі
505

Жүсiпбек Басығарин Алашорда қайраткерлерiнiң белдi мүшесi қазақ интеллигенттерiнiң iрi өкiлi, ауыз әдеби мұраларын жинаған жандардың бiрi. Қоғам қайраткерi, ақын Жүсiпбек Басығариннiң шығармалары алғаш рет жинақталып, жарыққа шығып отыр.

Жүсіпбек Басығарин атақты би Басығара Алтыбайұлының баласы. 1852-1853 жылдары Қызылорда өңірінде дүниеге келген. Жасынан білікті кісілермен дәм-тұздас болып, ауыз әдеби мұраларына қанығып өседі. 1880 жылы алғаш рет әкесінің тапсырмасымен Ташкент, Самарқан қалаларында 11500 сомға бидай сатып алып, су жолымен жеткізіп, аштықтан күйзелген халықты аман алып қалған ерлігінің өзі бір төбе.

Жасынан ақын болған, ауыз әдеби мұрасына жетік өскен азамат кейін Алашорда қайраткерлерімен тізе қосып, халықты оятуға бар күш-жігерін арнайды. Алаштың үні болған басылымдар «Қазақ» газетінде де ақынның сол кездегі қоғамның сырын шертетін мақалалары жиі жарық көріп отырды.

Жүсіпбек Басығариннің сүбелі еңбек­терінің бірі Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырын жинақтауы еді. Кенесары дастанын ел аузынан жазып алып, баспаға алғаш шығарған кісі де Жүсіпбек Басығарин.

Аталмыш кітапты жинақтап, баспаға берген этнограф ғалым, зерттеуші Тынышбек Дайрабай: «Жалпы, оқырман қауым Жүсіпбек Басығарин шығармаларынан көп тәлім-тәрбие ала отырып, ХХ ғасырдың 20-жылдардағы қазақ қоғамының жай-күйін аңғармақ. Шығармалары арнайы зерттеліп, жинақталмаған Жүсекеңнің шығармасын оқырманға сол қалпында ұсынып отырмыз», – дейді.

«Жүсіпбек Басығараұлы» шығар­ма­лар жинағын «Өнер» баспасы ұсынып отыр. Сонымен бірге, аталмыш кітапта ақынның өлеңдері, мақалалары мен аудармалары, ел аузынан жинаған әдеби мұралары жинақталған.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары