ЕКIНШI ОРЫНҒА КIМ ТАБАН ТIРЕЙДI?

ЕКIНШI ОРЫНҒА КIМ ТАБАН ТIРЕЙДI?

ЕКIНШI ОРЫНҒА КIМ ТАБАН ТIРЕЙДI?
ашық дереккөзі
208

16 желтоқсаннан бастап, елде алдағы кезектен тыс Мәжіліс сайлауына үгіт-насихат шаралары басталды. Мәжіліс өзін-өзі таратқаннан кейін елдегі саяси күштер сайлауға дайын екендіктерін мәлімдеп, съездерін өткізіп, үміткерлерін үкілеп, Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) жол тартқан болатын. Желтоқсанның 15-іне дейін барлық партиялардың үміткерлерін сүзгіден өткізіп, ОСК оларға депутатқа үміткер мандатын тапсырған еді. Бүгінде еліміздегі 8 саяси партия атынан 386 үміткер бақ сынауда.

Үгіт-насихат мерзімінің басталуы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі саяси партия өкілдері үшін ұтымды болды. Олар алғашқы үгіт-насихат жұмыстарын еліміздің бас қалаларында алаңда гүл шоқтарын қойып, Тәуелсіздікке тағзым, осы жолда шейіт болғандар рухына тәжім етуден бастады.

ЕЛБАСЫ «НҰР ОТАННЫҢ» САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНА КЕЛДІ

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көш¬бас¬шысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Республикалық сайлауалды штабына келіп, барлық аймақтармен тікелей байланыс орнатылған сараптама-талдау тобының, баспасөз орталығының, логистикалық орталықтың жұмыстарымен танысты. Осында аймақтармен бейнемәжіліс түрінде селекторлық кеңес өтті.

Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев сай¬лау науқанының дәл 16 желтоқсан күні бас¬талғанына ерекше назар аударды. «Бұл – тәуелсіздікке 20 жыл толған күні еліміз дамуының жаңа кезеңі басталғанының айшықты белгісі», – деді ол.

«Нұр Отанның» республикалық қо¬ғам¬дық штабы сайлауға толық дайын екендіктерін танытты. Бүкіл аймақтар бойынша «Нұр Отан» партиясының 226 штабы жұмыс істейді.

Нұротандықтар өз мақсаттарын әрбір үй¬ге кіріп, әрбір сайлаушыға жеткізуге дайын. Себебі партияның сайлауалды тұғырнамасы, Қазақстанның алдағы 5 жылдық даму жоспары бар. Оның негізін Президент стратегиясы мен «Халықтың дауысы» акциясы арқылы жиналған халықтың тілегі құрайды. Сондықтан да «Нұр Отан» 15 қаңтар күні жеңіске жететініне сенімді.

«АҚ ЖОЛ» ЖОРЫҚТЫ СОЛТҮСТІКТЕН БАСТАДЫ

20 желтоқсанда «Ақ Жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев, сайлаушыларды партияның тұғырнамасымен таныстыру мақсатымен Қостанайға сапар шекті.Партияның облыстық штабы студенттермен және ауыл шаруашылығы саласы мамандарымен кездесулер өткізді. Алдымен ақжолдықтар қазақтың ұлы ағартушысы және Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қойды, сосын тағы екі кездесу өткізді. Партия жетекшісі Азат Перуашев студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жалпы, «Ақ Жолдың» сайлауалды тұғырнамасы он бағыттан тұрады. Ақжолдықтар парламенттің төменгі палатасына депутаттар мандаттары үшін таласуға ниетті. Сондай-ақ партияның Қостанайдағы филиалы облыстық мәслихатқа екі үміткер, аудандық мәслихаттар депутаттығына үш үміткер ұсынып, тіркеуден өткізіп қойды.

21 желтоқсанда «Ақ жол» Астанада партияның бастамашыл жастар тобының отырысын өткізді. Шара барысында партия басшылығы жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Олар «Ақ жол» партиясымен экономикадағы жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту салаларында партия мен жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың негізі болатын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«РУХАНИЯТ» ЖЕЛТОҚСАН МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРЕДІ

Ұлттық проблемаларды ту етіп шыққан «Руханият» партиясы сайлауалды үгітнасихат жұмысын Жамбыл облысынан бастады. Партия бағдарла¬ма¬сы¬нда ауыл шаруашылығына басты басымдық беру арқылы ау¬ы묬дың әлеуметтік-эконо¬ми¬ка¬лық мәселелерін шешу, оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылы¬ғын дамы¬ту, ауыл¬ды сапалы ауыз сумен қам¬тамасыз етуге жан-жақ¬ты қолдау көрсетіп, еңбек өнімділігін он есеге дейін арттыруға басты назар аударылған. Партияның ендігі бір көздегені – алыс-жақыннан келген қандастарымыздың жай-күйін басты назарда ұстап, әлемде тарыдай шашылған қазақ баласының бір тудың астында жиналуына мүмкіндік тудыру. Сонымен бірге, әлі күнге дейін саяси астары көмескіленіп келген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 1930 жылдардағы ашаршылыққа сая¬си баға беру және парламенттік-президенттік басқару пішініне өту мәселесін алға тартады. Әрі жергілікті өзін өзі басқару, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару, сыртқы қарыздарды тұрақтандыру, мұнайдан түскен пайданы халық арасында әділ бөлу, медициналық қызмет көрсету, тегін білім беру мен ғылымды дамыту, ұлттық мәдениетті өркендету, елдегі демография¬лық ахуал мен жастар мәселесіне ден қою, Қазақстандағы бар¬лық шет елге жалға берілген әскери полигондарды жабу, Қазақстан экологиясын сауықтыру, ядролық отын банкін және АЭС салынуына қарсылық сияқты мәселелер де күн тәртібінде.

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ – АЙМАҚТАРДА

«Әділет» партиясы өңірлерге өз өкілдерін жіберді. Сайлауалды тұғырнамасының шеңберінде үгіт-насихат жұмысы бағыттарын айқындап қайтпақ. Партияның барлық аймақтарда филиалдары бар. Сондықтан жұмысты аймақтардан бастауды ұйғарыпты. Партия жетекшілерінің айтуынша, науқан барысында үгіт-насихаттың түрлі әдістемелері қолданылатын болады. Тіпті үй-үйді аралап, қоғамдық орындарда партияның тұғырнамасымен толық таныстыру жоспарлануда. Бастапқы кезеңде саяси ұйымның 600-ге жуық өкілдері үгіт-насихат жүргізіп жатыр.

ПАТРИОТТАР ДА БІЛЕК СЫБАНЫП ОТЫР

Қазақстан Патриоттары партиясының әр өңірдегі бастауыш партия бөлімшелерінің хатшылары Астанаға ар¬найы ат басын тіреді. Осы басқосуда сайлауалды үгіт насихаттарының барысы талқыланып, алдағы міндеттер жан-жақты пысықталды. Партия Жаңаөзендегі жағдайдың тәуелсіз сараптамадан өтуін қалайды. Партия сайлау алды штабының жетекшісі Болат Бейсембаев түрлі партиялардан құрылған қоғамдық комиссияның құрамына белсенді қатысатындығын мәлімдеген. Партия серкесі Ғани Қасымов – Патриоттар партиясындағы басты тұлға. Патриоттар аты аталса, ойға Ғани Қасымов оралатыны анық. Ол сенаторлық қызметімен бірге партияның үгіт-насихат жұмыстарын ақсатпайтынын айтты.

Жақында Ғ.Қасымов еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласында болып, сайлауалды тұғырнамада көрсетілген міндеттерді жан-жақты түсіндіру бағытында бірқатар шаралар өткізіп қайтты. Ендігі жұмыс өңірлерде қызатын болады.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АУЫЛДЫ КӨГЕРТПЕК

Барлық жерде партиялық штабын құрып, сайлауалды жұмыстарын жүргізуге кіріскен «Ауыл» партиясының негізгі электораты ауылда. Сондықтан да олардың басым уақыты ауылдықтармен кездесуден тұрады. Атырау облысында болып қайтқан олар ендігі бағыты республикамыздың 14 облысын аралау екендігін мәлімдеген. Жуықта ғана Астанада өткен партияның съезінде оның төрағасы Ғани Қалиев партияның ауылды дамыту мәселесіне ерекше мән беретіндігін айтып, осы бағытта ұсынылатын ұсыныстар мен жүргізілетін жұмыстарды сарапқа сала келе, ауылдық жерлерде агроқалашықтар құру идеясын ұсынған болатын. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының тұғырнамасы тек аграрлық мәселелермен ғана шектелмейтіндігін, ол ел өмірінің барлық жағын қамтитындығын айтуға болады. Ауылдықтар халықпен кездесу мақсатында жер-жерлерге аттанғанда өз сайлаушыларының арасында осы жөнінде нақты түсініктер беруді, сондай-ақ олардың талап-тілегін естіп, оны жоғары жаққа жеткізіп, алдағы уақытта өздерінің бағдарламалық құжаттарына енгізуді жөн санап отыр.

ЖСДП ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРДЫ

Еліміздегі басты оппозициялық партия болып есептелінетін Жалпы ұлттық социал-де¬мократиялық партияның қазіргі назары Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға ауып отыр. Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген олар аталған өңірлердегі төтенше оқиғаларды тергеу бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия құрғандарын мәлім етті

. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатында:

«Елді тыныштандыратын, халық ара¬сына іріткі салмау үшін, арандату болмау үшін жан-жақты, объективті көзқарастар керек. Ол көзқарасты қалыптастыру үшін біз қоғам өкілдерінен – шығармашылық интеллигенция, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдары және саяси партиялардың өкілдері бірігіп, 18 адамнан тұратын тәуелсіз қоғамдық комиссия құру туралы шешім қабылдадық», – деді.

Олар 21 желтоқсан күні осы мәселелерді зерттеу мақсатында таңертең Ақтауға ұшып кетті. ХАЛЫҚШЫЛ КОММУНИСТЕР ЖЕҢІСКЕ СЕНІМДІ

Владислав Косарев басқаратын Халықтық коммунистік партиясы да осы додадан дәмелі. Оңтүстік Қазақстан облысында партия белсенділері Түркістан қаласына жақын Нұртас, Майдантал, Бақ¬берген және Қаражол ауылдарында кездесулер өткізіп, ауыл тұрғындарына партия тұғырна¬масын кеңінен таныстырды. Бұл ретте ҚКХП үгітшілеріне комсомол-жастар ұйымдарының мүшелері елеулі көмек көрсетті. ҚКХП Астана қаласында да өзінің сайлауалды үгіт-насихат шараларын ұйымдастырып, жұртшылықты партияның тұғырнамасымен таныстырды. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты партияның ресми көзқарасы жария етілді.

22.12.2011

Дайындаған Е.ҚҰМАР

Серіктес жаңалықтары