ҚАРАШЫҒАНАҚҚА «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!» ДЕЙМІЗ

ҚАРАШЫҒАНАҚҚА «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!» ДЕЙМІЗ

ҚАРАШЫҒАНАҚҚА «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!» ДЕЙМІЗ
ашық дереккөзі
293

Нұрахмет ҚУАТ

Қазақ Үкiметi Қарашығанақ жобасы бойынша 10 пайыздық үлеске ие болды. Бұл – елiмiзге тиесiлi табиғи ресурстардан түсетiн пайданы халықтың игiлiгiне жұмсауға сеп.<br>

«Шеврон» корпорациясы, Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестер және Қазақстан Үкіметі Қазақстан 10 пайыздық үлеспен Қарашығанақ жобасының серіктестігі болады деген келісімге қол жеткізді. Қазақстан Үкіметіне үлесін тапсыру 2012 жылғы 30 маусымда жүзеге асырылады. «Шеврон Еуразия» компаниясының Басқарушы директоры Скотт Дэвис: «Біздің бүгін қол қойып отырған келісімімізде жобаның 10 пайызын Қазақстан Үкіметіне тапсырудың жалпы құрылымы мен негізгі шарттары көрсетілген және Қазақстанмен серіктестік қатынастарын ілгері жылжы¬тудағы маңызды қадам болып табылады». Скотт Дэвистің айтуынша, мұн¬дай жетістікке бірнеше мемлекеттік органның, атап айтқанда, Мұнай және газ министрлігі, Қаржы министрлігі тарапынан білдірілген белсенділіктің арқасында қол жеткізіліпті: «Біз жобада үкімет атынан әрекет ететін жаңа серіктестерімізге «қош келдіңіздер» дей отырып, олармен Қазақстан халқының экономикалық өркендеуі үшін энергетикалық секторды ары қарай дамыту жолында берік және жағымды жұмыстық қарым қатынас құрамыз деп сенеміз».

1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны дүниежүзіндегі ең ірі газ және конденсат кен орындарының бірі болып табылады. Қазақстанның солтүстік батыс жағында орналасқан, 280 шаршы километрден астам аумақты қамтитын кен орнында 9 миллиард баррель конденсат және 48 триллион текше фут газ бастапқы геологиялық қорға ие, ал оның жалпы қоры 2,4 миллиард баррель және 16 триллион текше фут газды құрайды.

Қарашығанақ кәсіпорнында БиДжи Груп (32,5 пайыз), ЭНИ (32,5 пайыз), Шеврон (20 пайыз), Лукойл (15 пайыз) секілді төрт халықаралық мұнай өндіруші компанияның өндірістік тәжірибесі мен білімі тоғысқан. Олар осы ресурстарды ішкі және сыртқы нарықта қолданудан барынша көп пайда алудың мүмкіндіктерін іздестірудегі өздерінің өндірістік тәжірибелерімен және білімдерімен Қазақстан Республикасымен бөлісуді көздеп отыр.

1997 жылы кәсіпорын серіктестері Қарашығанақ кен орнын 2038 жылға дейін бірлесіп пайдалану шарттары қарастырылған Өнімді бөлісу туралы ақтық келісімге (ӨБАК) қол қойды. Келісімге қол қойылған күннен бастап өндірістік қызметке шамамен 14 млрд. АҚШ доллары салынды, ал геологиялық тұрғыдан ең күрделі коллекторлардың бірін игеруде көмірсутектерді өндірудің озық техноло¬гия¬лары қолданылды.

Қазіргі кезде Қазақстандағы ең ірі газ кен орны болып табылатын Қарашығанақ кен орнында өндіріс рекордтық деңгейде жүзеге асуда және республикадағы жалпы газ өндірісінің 45 пайызын, ал сұйық көмірсутектердің шамамен 16 пайызын құрайды. 2010 жылы кәсіпорын шамамен 133,7 млн. баррель мұнай баламасын өндірді.

«Шеврон» корпорациясы дүниежүзіндегі жетекші ықпалдасқан энергетикалық компаниялардың бірі, оның еншілес кәсіпорындары өз қызметтерін әлемнің барлық аймақтарында жүзеге асырады. Компания энергетика саласының барлық аспектілеріне араласады. «Шеврон» барлау, өндіру, шикі мұнай мен табиғи газды тасымалдау, көлікке арналған отын мен жағармайлардың көптеген түрлерін қайта өңдеу, сату және үлестіру, электр энергиясы мен геотермальді энергияны өндіру, энергияны тиімді пайдалану шешімдерімен қамтамасыз ету, болашақтың энергетикалық ресурстарын, соның ішінде биоотынды қарастыру жұмыстарымен айналысады.

22.12.2011

Серіктес жаңалықтары