«ОҢТҮСТIК» ФИЛИАЛЫ ТЕМIРЖОЛШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

«ОҢТҮСТIК» ФИЛИАЛЫ ТЕМIРЖОЛШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

«ОҢТҮСТIК» ФИЛИАЛЫ ТЕМIРЖОЛШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
ашық дереккөзі
289

Тәуелсiздiк мерекесiн елiмiздiң экономикасы мен рухани өмiрiнiң өркендеуi үшiн еңбек етiп жүрген барлық мекеме жаңа бiр леппен атап өтуде. «Жолаушы тасымалдау» АҚ-ның «Оңтүстiк» жолаушы тасымалдау жөнiндегi аймақтық филиалы да Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына байланысты салтанатты шара өткiзiп, жетiстiктерi мен толағай табыстарын паш еттi.

Экономиканың күретамыры теміржол саласы екенінде дау жоқ. Осынау ұлық мерекеде жолаушылардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін бар күшін салып жүрген өз ісінің майталмандары да назардан тыс қалмады. Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша «Жолаушы тасымалдау» АҚ-ның аймақтық филиалдарын арнайы бағалау жүйесінің нәтижесіне сәйкес, «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалы бірінші орынға ие болды. Себебі жолаушы тасымалдау жағынан 63,4 балл жинаған мекеме әркез жолаушылардың көңілінен шығып келеді. «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалының директоры Асқар Шүкірбековтің айтуынша, биыл вагон жетіспеу мәселесі, вагондардың техникалық жағдайы, өндірістік пен қаржылай көрсеткіш әлдеқайда жақсарған. «Әрине, бұл біздің аймақтық филиалда жұмыс істеген ардагерлердің және бүгінде еңбек етіп жүрген мамандардың арқасы. Сондықтан да бүгін бәріңізді Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтап, алғысымды білдіргім келеді», – деді Асқар Әбдібекұлы. Салтанатты шарада «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалының бірқатар қызметкерлері арнайы алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жоғары өндірістік көрсеткішке қол жеткізуде қызметтік міндетін адал атқарып, сондай-ақ пойыз қозғалысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткен, жалпы теміржол транспортының дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтар ерекше алғысқа бөленді. Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай теміржол саласына сіңірген адал еңбегі үшін «Қазақстантеміржолы» АҚ Президентінің мақтау қағазымен «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалының жолаушы тасымалдау пойызының бастығы Өскембаев Құрманалы марапатталса, ҚР Президентінің мақтау қағазына жолаушылар вагонының жолсерігі Пернекүл Молдабекова ие болды.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» жолаушы тасымалдау жөніндегі аймақтық филиалының директоры мерекелік шараға арнайы шақыртылған теміржол саласының ардагер майталмандарын да ұмытқан жоқ. «Бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктердің бастауында ардагерлер, сіздер, тұрсыздар! Сіздерге деген құрметіміз шексіз» деген Асқар Шүкірбеков ардагерлерге ұялы телефон сыйға тартты. Бүгінде «Оңтүстік» филиалында «Ардагерлер кеңесі» жұмыс істейді. Бұл кеңес теміржолда жұмыс істейтін ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын қамқорлық көрсетіп, қолдау жасап келеді.

«Ауғанстан соғысы ардагерлері» қоғамының төрағасы Серікбай Баймолдинов: «Бүкіл қазақ елі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлап жатыр. Біз бұл күнге үлкен қиыншылықпен келдік. Бұған ауған соғысы ардагерлері мен қатысушыларының да еңбегі зор. Биыл теміржолдың 80 жылдығы болған кезде теміржолшыларды марапаттадық. Бұл келешек ұрпақ үшін үлкен тәрбие», – дей келе бір топ ауған соғысының қатысушыларына Тәуелсіздіктің 20 жылдығының арнайы ескерткіш куәліктерін табыс етті.

22.12.2011

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары