ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ
ашық дереккөзі
212

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетi жанындағы Клиникалық бiлiм беру орталығы 14 желтоқсан күнi Желтоқсан көтерiлiсiнiң қатысушыларына арнап ашық есiк күнiн өткiздi.

Бұл күні орталық желтоқсан қаһар¬ман¬дарын кезексіз қабылдап, қолдан кел¬ген көмегін аянып қалмады. Жел¬тоқ¬сан¬шылардың ішінде денсаулығынан айрылып қалғандары көп. Біреуінің бассүйегі зақымданған, енді бірінің қолы сынған. Ағзадағы дерт уақыт өткен сайын асқына түседі. Міне, осыны ескерген Клиникалық білім беру орталығының жоғары білікті дәрігерлері ашық есік күніне келген желтоқсан батырларын жан-жақты медициналық тексеруден өткізді. Олар өзінің қалаған дәрігеріне қаралуға мүмкіндік алды. Клиникалық білім беру орталығының директоры Жанар Ғұбайдуллина: «Біз Тәуелсіздіктің ақ таңына қол жеткізген желтоқсаншыларға шамамыз келгенше көмек көрсеттік. Олар УЗИ аппаратына түсіп, нақты диагноздарын алды. Жоғары білікті құлақ, мұрын, кардиолог дәрігерлері де қызметін ұсынды. Сондай-ақ біз желтоқсан қаһармандарының диагнозына қарай дәрі-дәрмектерді сыйға тарттық», – дегенді білдірді.

22.12.2011

Т.МЕЛIС

Серіктес жаңалықтары