ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПОРТРЕТТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ

ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПОРТРЕТТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ

ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПОРТРЕТТЕРІ  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ
ашық дереккөзі
223

Қазiр ұлт зиялылары мен арыстарымыздың шығармасы түгiлi, аты-жөнiн де толық бiлмейтiндер бар. Әрине бұл кейiнгi жастардың кiтапты серiк етпейтiндiгiнiң нақты көрiнiсi. Бiлiм ошақтарында бес арысымыз бен үш бәйтеректердiң өмiрi мен шығармашылығы туралы шаралардың да жиi өткiзiлуi ғана көңiлге демеу.

Ал мұны ескерген Ақтөбе қаласының автопарк ұжымы ұлт зиялыларының суреттерін қоғамдық көліктердің ішіне іле бастапты. Абайдан бастап, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты жиырма шақты арысымыздың портреті, олар туралы қысқаша мәліметтер, қанатты сөздері жолаушылардың сауатын көтеріп, кез келген азаматқа ой салады.

Ақтөбе қаласының автопарк қызмет­кер­ле­рі: «Қазір жастар кітапханаға бармайды, кітап оқуға зейіні төмен. Сондықтан қазір мына интернет, «агент» деген мәселемен күресіп жатырмыз. Сол мақсатпен қоғамдық көліктерде көздеріне бадырайтып жазып қойдық. Мұның бәрі жастар қазақша сөйлесін, ұлттық болмысымызды жойып алмайық деген мақсатпен жасалынып отыр», – дейді.

Атпақшы бұдан былай қаладағы барлық автопарктер басшылығы автобустардың жүргізушілеріне қазақ тіліндегі патриоттық әндерді қосып, даусын бүкіл салонға шығарып қоюға міндеттеуді жоспарлап отыр екен. Ал бізді бұл шараны әкімдік емес, автопарк ұжымының қолға алғаны таңғалдырады. Қалай десек те, мұның бәрі елге, ұлтқа, тілге деген жанашырлықтан туып отырғаны қалың көпшілікті қуантады.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары