ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ IЗIМЕН

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ IЗIМЕН

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ IЗIМЕН
ашық дереккөзі
231

Жуырда Алматыда режиссер Рүстем Әбдiраштың бес бөлiмнен тұратын жаңа деректi фильмiнiң тұсаукесерi өттi. «Тәңiр жарылқасын» деп аталатын деректi фильмдi Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен «CentauRus» студиясы түсiрген.

Деректі фильм «Шыңғыс ханның ізімен» деп аталатын ғылыми-танымдық экспедицияның күнделігіндегі жазбалар бойынша дайындалған. Алматы-Ұлан-Батор бағытында 5600 шақырымдық жолды қамтыған экспедицияны «Алаш Медиа Групп» медиа-холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев қолдаған екен. Деректі фильмнің түсіріліміне кинорежиссер Рүстем Әбдірашев пен Сәбит Құрманбеков, суретші Қырым Алтынбеков, нидерландиялық түркітанушы Роберт Эрмерс, шығыстанушы Нәпіл Базылхан, этнограф Ерлан Сәбитов, фотосуретші Рүстем Рахымжан, рок-әнші Әсем және тағы басқа шығармашылық адамдары қатысыпты.

Рүстем Әбдіраштың айтуынша, экспедиция Жетісу және Шығыс Қа­зақстанның, атап айтсақ, Тамғалы тас, Есік қаласында табылған Алтын адам қорғанында, ежелгі Талғар және Қойлық қалашығы сияқты тарихи орындарын да қамтыған. Тау­лы Алтайда көне түрік, ғұн және сақ дәуірінен қалған көптеген тарихи ескерткіштермен, қорғандар мен тас жазбалармен де танысады. Сонымен бірге, Моңғолиядағы Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері мен Түрік қағанатының астанасы Орда-Балық қаласы, Жыланды бекініс қаласы, Шыңғысхан империясының астанасы болған Қарақорым қаласында және басқа да ежелгі көшпенділердің тарихи ескерткіштерін аралап қайтады. Осы дереккөздерінің арқасында, деректі фильмді түсіруге мүмкіндік туған.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары