9021
МАРТИН ЛЮТЕР
МАРТИН ЛЮТЕР
Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ
Орта ғасырда Еуропаның көптеген елдерi католик шiркеуiнiң ықпалында болды. Ғасырға жуық уақыт iшiнде өзiне орасан зор байлық жинап, өзiнiң жер көлемiн барынша ұлғайтқан. Шiркеу қызметкерлерi мемлекеттiң ақсүйектер қауымына айналып, Құдай мен адамдар арасын байланыстыру қызметiн атқарды. Яғни олар өздерiн жаратушының сөзiн жеткiзiп тұрушылар ретiнде көрсеттi. Солай бола тұар XV ғасырдың басында адамдар католик шiркеуiне реформалар жасау керек екенiн сезiнген. Жыл өткен сайын шiркеу ұйымдарының қызметiне күмәнмен қарап, бiзге мұндай бюрократтанған дiн қызметкерлерi керек емес дейтiндер саны көбейе түстi. Бiрақ олардың аузын шiркеу қызметкерлерi жауып тастап отырған. Дегенмен шiркеулер дағдарысқа ұшырай бастайды. XVI ғасырдың басында котоликтер ауыздықтай алмаған адам аренаға шықты. Ол – немiс монахы Мартен Лютер. Котоликтер шiркеуiне ашық қарсы шығып, Киелi жазу тәкпiрлерiн оларға қарсы қойып, реформа жасауды бастаған. Соның нәтижесiнде жаңа протестанттық дiни сенiм пайда болды. Мартин Лютер 1483 жылы 10 қарашада Германияның шағын елді мекені Эйслебенедегі шаруаның отбасында өмірге келген. Оны Киелі Мартин күні туылғандықтан соның құрметіне атын солай қойыпты. Балаға алты ай толғанда Ганс Лютердің отбасы Мансфельд қаласына қоныс аударады. Ганс Лютер бар жиған-тергеніне алты құю шеберханасын сатып алды. Оның бұл шағын кәсіпшілігі тәп-тәуір табыс түсіреді. Көп кешікпей өз алдына жеке үй сатып алып, төрт жасар Мартинді мектепке берген. Ол сонда он үш жасқа жеткенше оқиды. Оқу үлгерімі жақсы болғанымен, тәртібі нашар еді. Ол сол мектепте алғаш рет Құдай заңдары дегенмен танысады. Келер жылы Магдебургтегі мектепке содан кейін Эйзенахтағы мектепке ауыстырылды. Ол осы мектепте латын тілін меңгеріп, өлең де жаза бастаған. Мартин мектеп бітірген соң Эрфуртский университетіне түседі. Әкесі оны заңгер болады деп үміттеніп жүрген. Ал бірақ Мартин өзінің болашақ мамандығын әлі таңдай қоймаған еді. Тіптен кім болатынын білмей де жүрсе керек. Жас жігіт университетте теологиядан басқа құқық, философия және классикалық әдебиетті сүйсініп оқиды. Бір жолы Мансфельден Эрфуртқа бара жатып, жол бойындағы Штоттернхейм елді мекенінде шелектеп құйған жауын астында қалып, қатты күркіреген күннен, жарқылдаған найзағайдан қорқып, жерге жата қалады да; «Әулие Анна, көмектес, менің монах болғым келеді», – деп жан дауысы шыққан. 1505 жылы 16 шілдеде Августин Блажен шіркеуінің есігін ашқан 1507 жылы 2 мамыр күні поп атағын алған Мартин Лютерді Саксонияның барлық августин шіркеулерін басқарып отырған Иоган фон Штаупиц діни университетке қызметке шақырды. 1509 жылы Мартинге дін ілімі жөнінен бакалаврь дәрежесі беріліп, университетте теология пәні бойынша дәріс оқи бастаған. Сол кезде дін ілімі британ философы Оккаманың ықпалында еді. Оның жолын қуушылар шіркеу догматтарын қорғау үшін Інжіл беделін ең жоғары ақиқат ретінде пайдаланып жүрген. Ал Лютердің олардан айырмашылығы Інжілдің өзін ғана ақиқат деп танығандығы. Ол сенім теориясын басқа ілімдерден артық көрді және оны адамдар өмірінен бөлектеп қараған емес. Айта кететін бір жәй августиншілер арасынан Штаупиц оппозициялық бағытты ұстанғандарға басшылық жасай отырып, Рим папасы тағынан неміс монахтары қоғамын автономия ретінде бөліп алуға әрекет жасап жатқан. Лютер Виттенбергке оралған соң көзқарас жағынан Штаупицке бұрынғыдан да жақындай түсті. Ол өз міндетінен уақытша босатылып, дін ілімінің докторы атағын алу үшін дайындыққа кірісіп кетті. 1512 жылы 19 қазанда докторлық дәрежеге қол жеткізген Лютер шіркеудің негізгі үйіне жақын жерден жеке бөлме алды. Бұл кезде ол отыз жаста еді. Шіркеудегі осы бөлме оның өмірінің соңына дейін баспана болып қалды. Лютер университетте дәріс оқу үшін Інжілді зерттеумен ұзақ айналысты. Сол кездегі діни кітаптардың бәрін түгел шолып шыққан. Ол үшін ең маңыздысы белгілі гуманист Эразм Роттердамдің грек тіліндегі «Нового завета» болды. 1515 жылы Лютердің қызметі көтеріліп, Тюринктегі 11 шіркеудің қызметін бақылауды қолға алды. Алайда жұмысы басынан асып жатса да, Інжілдің мағынасы мен мәнін өзінше пайымдауға барын салды. Ең бастысы ол Інжілде жазылған Құдайдың қайырымдылығының мәнін түсінуге ұмтылды. Ол ізденген сайын өз білім біліктілігін толықтыра түсті. Лютер; «Мен Құдайдың қайырымдылығы неде екенін түсіне бастадым. Күнәһарды құтқару бұл Құдай қайырымдылығының тартуы. Күнаһарды Құдайға шын сенгенде ғана күнәсынан құтқарады», – деп жазды. Лютер өзінің «кресть теологиясы» деп аталатын доктринасын жасады. «Адамдардың өмірлік қиыншылыққа төзімділігі Иса пайғамбардың крестке шегеленген азабына жақын». Ол 1517 жылы «Семь покаянных псалмов в немецком толковании» деп аталынған тұңғыш кітабы жарық көрді. Сол жылы оның өмірі мүлдем өзгерді. Майнца мен Магдебург архиепископы болу үшін Альберхт фон Гогенцоллернге империяға көп ақша төлеуді қажет етті. Ол сол қаражатты ірі банк иесі Фугерден қарызға алған. Архиепископ сол қарызы өспей тұрғанда 1515 жылы Рим папасы Льва X-ның келісімімен индульгенцияны (күнәнің кешірілгендігі туралы көп ақыға берілетін Рим папасының куәлік қағазы) сата бастайды. Сатылған индульгацияның жартысы Римдегі Әулие Петрдің шіркеуінің құрылысына жұмсалып, қалған бөлігі архиепскоптың қалтасына түскен. Бұл іс-шараны Лейпцигтен келген шіркеу қызметкері Иоганн Тецель ұйымдастырды. Неміс қалаларын аралап, шіркеу қоңырауларын соғып, индульгенция сататынын жариялай берді. Ол: «Аз ғана ақшаны жұмсай отырып, сендер ата-аналарыңды, әйелдеріңді, балаларыңды тіптен кімді болса да күнәдан құтқара аласыңдар», «Сендердің ақшаларың менің кассама қалай түссе, солай әкелеріңнің күнәсі кешіріліп, тазартылады», деп жар салды. Оның айтуынша күнәһар жан осылай кез келген, тіптен адам өлтіру күнәсынан да арыла алады екен. Құдайға шын сенетіндер әлгі қағазды сатып алып жатты. Лютер 1516 жылы көктемде шіркеулерді аралап жүріп, Тецельдің индульгенцияны қалай сатып жүргенін естиді. Бұл Лютердің ашу-ызасын туғызған. Тецельдің қағазды Бранденбургте сатып жатқанын естіп, Виттенберг тұрғындары солай қарай ағылды. Енді Лютерге шешуші қадам жасауына тура келді. Әрбір жұмада Виттенберг университетінің дін ілімін оқушылары теологиялық мәселелерді талқылауға жиналып отыратын. Сондай жиындардың бірінде Лютер индульгенцияны сатуға қарсылығын білдіріп сөз сөйледі. Бұл адамдарды алдау екенін ашық айтты. Сонымен қатар ол латын тілінде жазылған «95 тезисін» де баяндап берді. Сол еңбегінде ол Рим папасының заңсыз әрекетін сынға алды. Лютер 1517 жылы 31 қазанда сол «95 тезисі» көшірмесімен Виттенбергтің ең үлкен шіркеуінің алдына келді. Тезистің жарыққа шығуы түбегейлі өзгерістің, реформаның бастауы болып табылды. Лютердің тезистері елге тез тарап, кең көлемдегі пікірталастар туғызған. Виттенберг универсиетінің профессорлары оның ішінде Карлштат та оны бірден қолдап шыға келді. Ал студенттер тезистерді көшіріп алып, басқа университеттерге таратты. Сонымен индульгенция сату қиынға айналып кетті. Бұл жөнінде қоғамдық пікірлер мен жаңалықтар елге өте жылдам таралды. Бір айдан соң-ақ «95 тезис» Германиядан сытқары елдерге шыға бастаған. Бұл доминикандықтар мен августиншілер арасында әуелі пікірталас болып, соңы қақтығысқа алып келді. 1519 жылы Рим империясының императорын сайлау өтті. Саксонии Фридрих испанның жас королі Карл I-ді қолдады. Ол таққа Карл V атанып отырды. Жаңа император Лютер мәселесін қадағалауды уақытша тоқтатты. Бұл Лютер жақтастарына күш алу үшін қолайлы жағдай туғызды. Лютер де әлгі еңбегін қайта саралап, оның мәнін түсіндіретін қосымша еңбектер жазған. 1520 жылы тамызда ол; «Христиандықты түзету жөнінде неміс ұлтының христиан шонжарларына» атты памфлетін жариялап, артынша «Шіркеулерді вавилондық тұтқындау туралы» атты шығармасын жарыққа шығарды. Көп ұзамай тағы бір «Христианшының еркіндігі жөнінде» деп аталынған мақаласы оқырмандарға кеңінен тарады. Осы үш кітап Лютер доктринасының негізін құрады. Оның бұл еңбектерінде католиктердің идеологиясын сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар шіркеу ұйымдарына аса маңызды реформалар ұсынылған. Ингольштат университетінің профессоры Иноганн Экк реформаларымен келіспей Римге барып, кардинал Каэтанн тарапынан қолдау тапты. Соның нәтижесінде 1520 жылы 15 маусымда папаның «Да восстанет Господь…» деп аталынған сенім қағазы пайда болып, онда Лютердің көзқарастары жоққа шығарылып, бүкіл еңбектерін өртеу жөніндегі әмірі берілген. Папаның бұл әмірі бойынша Лютер 60 күн ішінде Римге келіп, өз көзқарасынан жазбаша түрде бас тартпаса, шіркеу есебінен шығару қаупі тұрды. Алайда Германиядағы қоғамдық пікір Лютер жағында еді. Тіптен Лейпциг университетінің студенттері папа әмірін жыртып тастап, Эккені қашып құтылуға мәжбүр еткен. Олар Лютердің шығармаларын жыртудың орнына католик уағызшыларының кітаптарын отқа тастады. Лютер Рим папасының шығармаларын өртеу жөніндегі әмірін естіген соң, шәкірті Филипп Меланхтонға студенттерді Виттенберг замогінің қақпасы алдына жинауды өтініп, 10 желтоқсан күні Экктің бірнеше том шығармалары мен қағидаларын солардың көз алдында өртеп жіберді. Лютер от лаулап жанып жатқанда папа әмірі жазылған қағазды да отқа тастап: «Сен Құдай шындығын өлтірмек болғаның үшін, сен өзің бүгін осы жалынмен өртеніп кет»,– деп дауыстады. Ол осы ісімен Рим папасын енді көрмейтіндей болған. Римнен алшақтауы оның Штаупицпен де достығын біржолата бұзды. Сондай жағдай орын алса да Фридрих Саксонскийдің ара ағайындық жасауымен жас император Карл V-пен кездесті. Ол Лютердің Рим папасына деген жеккөруін одан сайын асқындырып жіберді. 1522-1524 жылдары католикті жақтаушылар Лютердің қозғалысымен күрес принциптерін жасап, өздері үкіметте болуларын ұзарта түсу мақсатында үш сьезд өткізді. Бірақ олардың бұл әрекеттерінен ештеңе шыққан жоқ. Керісінше, бірқатар қалаларда Лютер ісін заңсыз деп тапқан Ворм жарлығын орындаудан бас тартты. Оның реформалық идеялары уақыт өткен сайын жаңа неміс қалаларынан қолдау таба берді. Лютер 1525 жылы 13 маусымда Нимбшен шіркеуінің бұрынғы монахы Катарин фон Борамен отбасын құрды. Сол кезде ол 41 жаста еді. Ал Катарина 26 жаста болатын. Бір жылдан соң яғни 1526 жылы 7 маусымда тұңғыштары Ганс өмірге келді. Мартин Лютер 1534 жылы өзі неміс тіліне аударған Інжіл жарық көрді. Ол бұл аудармамен он екі жыл айналысқан болатын. Інжілдің кейбір сөзіне апта бойына балама іздеуден жалыққан емес. Оның бұл неміс әдебиетінің қалыптасуына да елеулі үлесін қосты. Лютер өзін қолдайтын шіркеулердегі монахтардың Құдайға құршылық ету дағдысына жаңаша өзгерістер ендіруге кіріскен. Ол 1526 жылы неміс тілінде құлшылықтың жаңа тәртібін жазып шықты. Алайда шіркеулердегі діншілдердің көбінің тұрмысы нашар еді. Бірқатар оқу орындары білім беру жағынан құлдырап кеткен. Лютер осы олқылықтардың орнын толтыру үшін немістерге түсінікті тілмен негізгі материалдарды жазып шықты. Шаруалар көтерілісін тоқтатқан бес католик-князь осы жеңісті пайдаланып, лютершілерді түп-тамырымен жойып жібергілері келді. Бірақ олардың бұл әрекеттеріне қарсы Лютердің жақтастары өз күштерін одан ары нығайта түсті. Екі қарсыласқан топтардың қақтығысып қалмауы үшін Карл V-ші 1529 жылдың наурызында Шпейерде рейхстаг жиынын шақырды. Әйткенмен де ол реформацияға өз көзқарасын өзгерткен жоқ. Қайта оған қарсы болып, оның тоқтатылуын қалады да Ворм жарлығын бекітті. 19 көкекте 14 қала мен алты неміс княжествосы Лютерді жақтап, бұл шешімге жазбаша протест дайындап, қарсы шықты. Нақ осы кезден бастап «протестант» сөзі жаппай қолданысқа кірді. Бұл термин тек Лютердің жақтастарына ғана емес, сонымен қатар рим-католиктік шіркеуге көңілдері толмайтындардың барлығына қатысты болды.Сол кездері Лютердің денсаулығы сыр бере бастаған. Жүрек соғысы өзгеріп, басы айналып, құлағы шулап, бүйрегіндегі тастар жан шыдатпады. Ол ақиреттік өмірін жиі-жиі ойлап жүрді. Рефроматор жаңартуларының өзінің ойлағанынан әлдеқайда басқаша болып шыққанын анық байқады. Оның жемісін ең әуелі католик шіркеуінің орасан зор байлығын тонаған жоғары жақтың белгілі адамдары пайдаланып кетті. Сондықтан лютерандық діни сенімнің басқарушы топтар алдында беделі болмады. Алайда олардың адамдарды бүлінген шіркеулерге күшпен қайыру әрекеттерінен де ештеңе шықпады.Лютер 1546 жылы өзі туып-өскен қаласы Эйслебенге оралды. 17 ақпанда жүрек талмасы ұстап, жағдайы нашарлай берді. Ескі досы Юстус Йонас пен дін қызметшісі жанында болды. Түнде жүрек талмасы тағы ұстап, есін жиған кезде ол: «Мен христиан дінін алғаш қабылдаған осы Эйслебенде қаламын»,– деді. Содан соң құлшылық етуге кіріскен. Сол сәтте еріндері қимылдамай қалды. Йонс пен дін қызметшісі оның тұла бойын ары-бері қозғап, құлағына дауыстады. «Лютер, сен дінді ұстана отырып, Құдайға және өзіңнің Исаңа сеніп, өлуге дайынсың ба?»,– деді. Лютер: «Иә»,– деді. Содан соң жан тәсілім етті. Бұл 18 ақпанның түні болатын.02.02.2012