САХНАДА САЙРАҒАН СЕВАРА ҚЫЗ

САХНАДА САЙРАҒАН СЕВАРА ҚЫЗ

САХНАДА САЙРАҒАН СЕВАРА ҚЫЗ
ашық дереккөзі
292

Түркістан қаласының тұрғыны Севара Файзуллаева – жас әнші. Сахнамен таныстықты 5 жасында бастаған оған әншілік дарын анасынан тарапты. Бүгінде 7 тілде – қазақ, өзбек, орыс, түрік, ұйғыр, араб, латын тілдеріндегі 200-ден астам шығарма бар. Бабадан балаға мирас болған «бұлақ көрсең, көзін аш» қағидасын ұстанатын азаматтар көп елімізде.

Шығармашылық шыңға шығуда Севараға Түркістан қаласына әкім болған бірнеше азамат соңғы 12 жылдан бері жас талантқа көмек қолын созып келе жатыр екен. Бұл орайда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев мырзаның да қосқан үлесі көп. Осының нәтижесінде тума талант Болгария, Түркия, Сауд Аравиясында өткізілген түрлі байқауларға қатысып, бірнеше рет Бас жүлдені қанжығаға байлапты. Сонымен қатар Севара Қазақстан аумағында гастрольдік сапарға да жиі шығып тұрады. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Америкада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік ән және би өнері чемпионатында бақ сынамақ. Мамыр айында Шымкентте шығармашылық кешін ұйымдастырғалы отыр. Сахнамен біте қайнасқан отандасымызға шығармашылық табыс тілей отырып, еңбегің жана берсін демекпіз.

02.02.2012

«Түркістан»-ақпарат

Серіктес жаңалықтары