ЕСIРТКI ТАСЫМАЛЫН ҚАЙТСЕК ТОҚТАТАМЫЗ?

ЕСIРТКI ТАСЫМАЛЫН ҚАЙТСЕК ТОҚТАТАМЫЗ?

ЕСIРТКI ТАСЫМАЛЫН ҚАЙТСЕК ТОҚТАТАМЫЗ?
ашық дереккөзі
433

Бүгiнде Ауғанстан мемлекетiнен тасымалданатын есiрткiнiң тасқыны тоқтар емес. Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығына мүше мемлекеттердiң кезектi отырысында осы түйткiл сөз болды.

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстық істер жөніндегі басқармасының мәліметіне қарағанда, жыл сайын Ауғанстаннан Орталық Азия елдері арқылы 95 тонна көлемінде есірткі әлемдік нарыққа тасымалданады екен. Оның тек 5 пайызын ғана Құқық қорғау органдары тәркілесе, қалғаны Орталық Азия елдерінде қалып қояды. Мұнда жиналғандар адамды аздырушы есірткі саудасымен күресу үшін, аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, Құқық қорғау органдарымен жұмыла жұмыс жасауды алға тартты. Сонымен қатар есірткімен күресу орталықтарындағы қызметкерлердің дайындық деңгейін жоғарылатып, техникалық жабдықтардың сапасына баса мән берілу керектігі де тілге тиек етілді. Басқосу барысында сондай-ақ, Үйлестіру орталығының алдағы екі жылда атқаратын іс-қимылдары айқындалып, нақты жос­парлар жасалды.

Бұл тұрғыда Орталық Азия өңірлік ақпараттық үй­лестіру орталығының директоры Бексұлтан Сәрсеков: «Біздің орталықтың ұйымдастыруы бойынша, Бішкектен Алматы арқылы Гуанджоуға дейін 6 келі героин жеткізіліп, оған қатысты қылмыскерлер ұсталып, қазір жауапқа тартылып жатыр. Ал енді мына бүгінгі өтіп отырған жиналыстың арқасында сол жұмыстарды алға бастырамыз ба деген ойдамыз», – дегенді білдірді.

Гауһар ТӨЛЕПОВА

Серіктес жаңалықтары