КАРЛ ЛАМЕРС ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

КАРЛ ЛАМЕРС ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

КАРЛ ЛАМЕРС ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
ашық дереккөзі
427

Елімізге іссапармен келген НАТО Парламенттік Ассамблеясының төра­ға­сы К.Ламерс «Нұр Отан» партия­сы төрағасының бірінші орынбасары­ Нұрлан Нығматуллинмен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың оң сипатына баса назар аударылды. Тараптар әлемнің түкпір-түкпіріндегі бейбітшілікті қолдауға бағытталған және Ауғанстанға байланысты бірлесіп өткізілген шаралар жиынтығын атап өтті. Бұған қоса Нұрлан Нығматуллин Елбасының халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіндегі бастамасының маңыздылығына тоқталды. Әріптестіктің парламенттік деңгейіне де жекеше тоқталды. Екі жақ Қазақстан Парламентінің НАТО Парламенттік Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие болғанын маңызды оқиға деп атады. Нұрлан Нығматуллин және Карл Ламерс қазақстандық парламенттің Ассамблея жұмысына араласуы НАТО-мен әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ халықаралық парламенттік қызмет аясында тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Сыртқы шекарадағы күрделі ахуал

Жан-жақта жарылыс көбейіп кетті. Мұның кез келген елдің әскери қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіні жасырын емес. Бұған дейін болған ТМД-ға мүше мемлекеттердің басқосуында шекарааралық байланыс пен есірткі саудасы мәселелері сөз болған еді.

Осы аптада ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Шекара әскерлерін басқаратын кеңестің төрағасы Александр Манилов ТДМ-ның сыртқы шекараларындағы ахуалдың әлі де қиын жағдайда екендігін қадап айтты. Әсіресе Ауғанстан мемлекетінен ТМД елдеріне тасымалданып жатқан есірткінің мөлшері көбейіп кеткен. «Әзірге бұған тосқауыл қою қиын шаруа. Бірақ біз бірлесіп, бұл мәселені шешуіміз керек», – деді ол.

Айта кету керек, ТМД-ның сыртқы шекаралары кеңесінің Қырғызстанда өткен 68-ші отырысында он мәселе қарастырылды. Оның ішіндегі ең маңыздылары – мемлекеттердің бірлесіп «Жібек жолы-2012» және «Батыс-2012» операцияларын жүргізуі, сондай-ақ Қара теңіз, Азов және Каспий теңіздерінің аймағында бірлескен екі жедел-алдын алу шараларын өткізуі. Одан бөлек ТМД елдерінің ақпараттық алмасу жүйелері жөніндегі мәселе де сөз болды.

Кеңес құрылғалы бері 20 жыл ішіндегі 300-ге жуық құжат қабылданыпты. «Бұл заңнамалық құжаттар мен келісім-шарттар ТМД-ға мүше мемлекеттерінің шекаралық қауіпсіздігінің мығым болуына септігін тигізуде», – деді ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Шекара әскерлерін басқаратын кеңестің төрағасы Александр Манилов.

Дайындаған Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары