«КАСПИОНЕТ» «АЛАШ АРНАСЫ» АТАЛА МА?

«КАСПИОНЕТ» «АЛАШ АРНАСЫ» АТАЛА МА?

«КАСПИОНЕТ» «АЛАШ АРНАСЫ» АТАЛА МА?
ашық дереккөзі
323

Мәдениет және ақпарат министрi Дархан Мыңбай мырза өзi басқаратын ведомствоның 2012 жылға бағытталған мiндеттерiмен бөлiскен болатын. Биыл елiмiзде «Бiлiм» және «Жаңалықтар 24» атты екi бiрдей телеарна көрермен көзайымына айналмақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында газет-журнал мен радиоға қарағанда телеарнаның ықпалы басым. Өйткені бүгінде халықтың дені көкжәшікті тамашалайды. Бірақ та Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед газет-журнал нарығына да көңіл бөлу керектігін айрықша атап өтті. Сондай-ақ бұдан былай спутниктік желіде хабар тарататын «Каспионет» телеарнасы тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Алайда Мемлекеттік хатшы «Каспионет» телеарнасының атау­ын қазақыландыру қажеттігін де еске салды. Өйткені бұл телеарнаның атауынан қазақстандық арна екенін шетелдіктер бірден білуі тиіс деп есептейді. Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы: «Алаш деген термин Қазақ деген сөз. Сондықтан «Каспионетті» Алаш арнасы десек, шетелдегі қандастарымыз арқаланып қалар еді. Оны қазақыландырғысы келген атқамінерлер «Алаш арна» деген атқа тоқтаса болары еді» депті өз пікірін білдіріп.

Биыл Алаш ұлттық демократиялық саяси партиясы мен «Алашорда» ұлттық үкіметінің 95 жылдығы. Осының құрметіне «Каспионет» телеарнасын «Алаш арна» деп атасақ, алаш арыстарының әруағы разы болар еді. Өйткені ұлтқа еңбек еткен Алаш қайраткерлері мұндай құрметке әбден лайық.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары