«СОҒАДЫ ЖҮРЕК»

«СОҒАДЫ ЖҮРЕК»

«СОҒАДЫ ЖҮРЕК»
ашық дереккөзі
346

Алатаудың аспанында ақын Мұқағлидың жырлары тағы әуеледi. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ақынның туған күнiне арналған «Соғады жүрек» атты ән-жыр кешi өткiзiлдi. Кеште Мақатаевтың сөзiне жазылған әсем әннен шашу шашылып, ақиық ақынның жырлары оқылды

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп жырлап өткен ақиық ақынның өлеңін жатқа білмейтін қазақ жоқ. Көзі тірісінде-ақ, Мұқағали Мақатаев өз өлеңін келер ұрпақ сүйсіне оқып, кәдесіне жаратарын білген. Мұқағали ақынның бірқатар өлеңіне ән жазылды. «Жарығым-ай», «Жапырақ жүрек жас қайың», «Шашыңнан иіскейін», «Көзіме көрінбе сен», «Күрең күз» сынды өлең шумақтары талай әнге арқау болғаны белгілі.

«Соғады жүрек» атты кешке Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтер, Индира Расылхан, «Каспий» тобы, «Жігіттер» квартеті өнер көрсетті. Сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің көркемсөз факультетінің студенттері ақиық ақынның жан жүрегінен шыққан әсерлі жырларын оқыды. Ал жастайынан суырылып шығып, поэзия әлеміне дендеп енген жас ақын Жамбыл Мұқағали атасына арнаған өлеңін халыққа ұсынды.

Кешке жиналған қауымда шек жоқ. Студенттер сарайында ине-шаншар орын таба алмадық. Әйткенмен, жыл сайын Мұқағали ақынға арналған кештің бірте-бірте сапасы төмендей бастаған ба деген әсерде қалдық.

16.02.2012

Жанерке ДАСТАН

.

Серіктес жаңалықтары