436
Қазақ жігіттері қалай киініп жүр?
Қазақ жігіттері қалай киініп жүр?
Сұлулық – адамның көзін қуантып, тамсантып, тәнті ететін, сүйініп, сүйсіндіретін, көрініс, ой-қиялдың жемісі. Соның ішінде ең кереметі, табиғаттың ғажайып туындысы, сұлу жаратылған перзенті – адам. Жаратылыстағы басқа тірі жан иелерінен сөйлей алу, ойлау, түрлі сезімдерге бөлену мүмкіндіктері арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да, «Адам» деген қасиетті атауға ие. Адам сөзімен де, түр-сипатымен де, жан-дүниесімен, киім киісімен де әдемі, тартымды болуы керек. Сонда ғана ол басқалардың құрметіне ие болып, өмірдегі орны белгіленбек. « Танылған жерде ой сыйлы, танылмаған жерде тон сыйлы», — дегендей адамның үстіндегі киімі алғашқы көзқарасты қалыптастырады.
Сұлулық – адамның көзін қуантып, тамсантып, тәнті ететін, сүйініп, сүйсіндіретін, көрініс, ой-қиялдың жемісі. Соның ішінде ең кереметі, табиғаттың ғажайып туындысы, сұлу жаратылған перзенті – адам. Жаратылыстағы басқа тірі жан иелерінен сөйлей алу, ойлау, түрлі сезімдерге бөлену мүмкіндіктері арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да, «Адам» деген қасиетті атауға ие. Адам сөзімен де, түр-сипатымен де, жан-дүниесімен, киім киісімен де әдемі, тартымды болуы керек. Сонда ғана ол басқалардың құрметіне ие болып, өмірдегі орны белгіленбек. « Танылған жерде ой сыйлы, танылмаған жерде тон сыйлы», — дегендей адамның үстіндегі киімі алғашқы көзқарасты қалыптастырады. Ал бүгінгі таңдағы сән үлгісі, жастардың киіну талғамы жайында сөз қозғайтын болсақ, түрлі қайшылықтарға кездесіп жатамыз. Қыздардың киіну үлгісіне тоқтамай, ер азаматтарымыздың өзін алатын болсақ, сән үлгілері күн санап өзгеруде. Соңғы кездері жігіттердің киіну үлгісінен кәріс телехикаясындағы актерлердің стиліне еліктеп жүргендері байқалады. Мәселен галифе немесе тырысып тұратын шалбар кию, классикалық киім мен спорттық киімді, яғни костюм мен кроссовкиді үйлестіріп кию, шашын бір жағына қайырып өсіру, тіпті құлақ тесу де кездесіп жатады. Киім кию үлгісі бірқалыпты тұрмай үнемі өзгеріске ұшырайды. Сән – латын тілінде «мода» аталып, киім кию үлгісі деген мағынаға ие. Адам әрқашан айналасындағыларды талғамымен таңырқатқысы, өзгелерден ерекшеленгісі келеді. Бұның өзі де заңдылық. Содан сән үлгісі жиі жаңарып, ғұмыры қызғалдақтай қысқа болады. Бірақ, әрине орнын жаңа үлгі басып отырмақ. Десек те, әдемі, сәнді киінумен қатар киімің өзіне жарасқаны жөн. Бұл тұста адамның бойы, түр-келбеті, жасы, тіпті түсі де үлкен маңызға ие. Талғамсыз киіну көзге оғаш көрініп, кейде дүйім жұрттың күлкісіне де қалдыруы мүмкін. Сондай-ақ, әр ортада киетін киім үлгісі де әртүрлі болмақ. Сонымен қатар, киім адамның мінезіне де ықпал етеді. Үстіңдегі киім өзіңе жарасымды, ыңғайлы әрі қонымды болса, өз-өзіңе деген сенімділік арта түседі. Ал жоғарыда айтылған еліктеуден туған сән үлгісімен киінген жігіттердің бойынан әлсіздік пен қыздарға лайық нәзіктікті байқауға болады. Сұлулық, әдемі киіну, көрікті көріну турасында әлем елдеріне, сондай-ақ тарихқа көз жүгіртер болсақ, Шығыста, яғни Қытай елінде әйелдің, қыздың сұлулығына үлкен мән берген. Ерлерге олар көздері қыли, аяқтары кішкентай болса ұнаған. Содан қыздарының екі көз арасына шыбық байлап қыли қылған, аяғына ағаш кебіс киіп көп өсірмеуге тырысқан. Ал қазақ елінің киім үлгісіне тоқталар болсақ, ұлттық киімдер бірнеше топқа бөлінген. Әлеуметтік дәрежесіне қарай: би, бақсы, бай, сал-серілер киімі, қойшы киімі, балуан, батырлар киімдері. Жас ерекшеліктеріне қарай: бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен, келіншек, бәйбіше, ақсақал киімі деп бөлініп, әрқайсысы өз алдына дараланып отырған. Жаңа заман жерімізге жаңалық ретінде Еуропа мәдениетінің киім үлгісін әкелді. Ерлердің еуропалық костюмі, әйелдердің ұзындығына қарай мини, макси белдемшелері біздің өмірімізге әбден сіңіп кетті. Киім оны киген адамның дене ерекшеліктеріне сай келіп кемшіліктерін жасырып, сұлулығын асырып тұрған жөн. Маңыздысы оның қымбат, ерекше көрінуінде емес, жарасымдылығында. Ең бастысы, «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей, көңіл берме», – деп ақын Абай айтқандай сырт сұлулыққа ғана көңіл бөлмей, жан сұлулығына да үлкен мән берген дұрыс. Ендеше табиғаттың бізге берген тамаша сыйын, жан сұлулығы мен тән сұлулығын үйлестіре білейік, сұлулыққа жаны құмар жандар!
Гүлбақыт БЕРIКҚЫЗЫ,
ТарМУ-дiң журналистика мамандығының студентi