ЛУКАШЕНКО АЭС САЛДЫРМАҚ

ЛУКАШЕНКО АЭС САЛДЫРМАҚ

ЛУКАШЕНКО АЭС САЛДЫРМАҚ
ашық дереккөзі
226

Жақында Белоруссияның президентi Александр Лукашенко ел аймағынан атом станциясын салу жөнiнде жапон билiгiне ұсыныс жасады. «Егер де сiздер бiр жерден АЭС салуды жоспарласаңыздар, онда Белоруссия сол тiзiмнiң басында болуы қажет екенiн ескерткiм келедi», – дедi президент.

Белоруссия бұл салада жапондықтардың тәжірибесінің көптігін мойындайды. Өйткені Жапония – АЭС салудың қыр-сырын терең меңгерген мемлекет. Оның үстіне Жапонияның өзіне бейбіт түрдегі атомның ауадай қажеттігі рас. Осыны білетін А.Лукашенко: «Сондықтан да Жапония атом энергетикасынсыз еш дами алмайды. Фукусимада болған апаттан көп сабақ алған елден үйренеріміз де, жиренеріміз де көп. Бұл біз сияқты ресейлік газға тәуелді мемлекет үшін өте қажетті шешім», – деп кесіп айтты.

Шынында да, Белоруссия мемлекетінде электр қуатының 95 пайызы Ресейден импортталатын табиғи газдан өңделіп, алынады екен. Сол себептен де энергия таратушылар арасында бағаның ауытқушылығы қатты байқалады. Бұл АЭС-ның салынудың кезек күттірмейтін мәселе екенін аңғартса керек. «Біз қанша шығынға батсақ та, электр станциясын салуға тиіспіз. Оның үстіне құрылыс салуға барлық жағдай жасалған. Ресей несие беріп, өзінің технологияларымен бөлісуге әзір», – деді Беларуссия президенті. Алдын-ала болжамдарға сенсек, басқа станцияларға қарағанда беларустік АЭС бағасы айтарлықтай арзан әрі қауіпсіз болмақшы. Біріншіден, арзан электр энергиясы мейлінше арзандатылады. Екіншіден, ұзақ мерзімге ядролық отынның кепілдендірілген қоры құрылады. Үшіншіден, табиғи газ импорты төрт есеге дейін қысқарады. Төртіншіден, атмосферадағы парник газының қалдығы төмендейді. Соңғысы, АЭС құрылысы ғылым мен заманауи технологияның дамуына мүмкіндік береді.

Әзірге Беларуссия президентінің ұсынысын Жапония тарапы мақұл көре қойған жоқ. Бірақ та беларустіктер бұл мәселенің жауапсыз қалмайтындығына сенімді.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары