«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» ЖАҢА ҰШАҒЫ
«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» ЖАҢА ҰШАҒЫ
Жуырда «Эйр Астана» әуекомпаниясының тарихында маңызды оқиға болды. Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы Fokker 50 турбовинттiк ұшақтарын кезең-кезеңмен авиапаркiнен шығару процесiн бастады. Келер жылдың жаз мезгiлiне қарай, Fokker 50 жақынмагистральдi ұшақтары Embraer 190 жаңа буын реактивтi әуе кемелерiмен түгел ауыстырылатын болады.
Естерiңiзде болса, лизинг берушi компанияға бiрiншi қайтарылатын Fokker 50 ұшағы 2004 жылдың 27 сәуiрiнде пайдаланыла бастаған едi. Осыған дейiн аталмыш ұшақтар Қазақстанның iрi қалалары мен облыстық орталықтарының арасына қатынап, 33 928 рейс жасаған екен.
«Fokker 50 ұшақтары көптеген шағын және онша дамымаған бағыттар бойынша қатынап, жұмыс аттарына айналғандарына қарамастан, олардың қолданылуы реактивтi жаңа буын ұшақтарының пайдасына тоқтатылады. 2011 жылы алдымызға аймақтық бағыттар бойынша әуе тасымалын дамытудың жаңа мүмкiндiктерiн ашатын алғашқы екi Embraer 190 ұшақтары келдi», – дейдi осыған орай «Эйр Астана» АҚ президентi Питер Фостер.
Ал «Эйр Астана» АҚ инженерлiк-техникалық департаментiнiң директоры Тимур Якупов: «Бiз компания тарихындағы маңызды беттi аштық. Жаңа ұшақтарды пайдалану «Эйр Астана» әуе флотын жаңартудың ұзақмерзiмдi бағдарламасына сәйкес. 2013 жылға қарай турбовинттiк Fokker 50 ұшақтары Embraer 190 ұшақтарына ауыстырылады. Embraer 190 ұшағы жетiлдiрiлген дизайны мен жолаушыларға ыңғайлылығы және үнемдiлiгi мен тиiмдiлiгi үшiн таңдалған болатын. Fokker 50 ұшақтарымен қоштасу сәл өкiнiштi, өйткенi олар компанияның даму кезеңiнде жақсы қызмет атқара бiлдi» деген пiкiрiн айтады.
Әуекомпания өз пайдалануын аяқтаған Fokker 50 ұшағы 50 эконом-класс орындықтарымен жабдықталған және ол ең ұзақ қашықтығы – 2 800 км. крейсерлiк жылдамдығы 450 км/сағ. ұшуларды орындай алатын ұшақтар болып есептеледi. Ал жаңадан орын алмастырып отырған Embraer 190 ұшақтары жолаушылар үшiн де өте тиiмдi, қызмет көрсетудiң жаңа үлгiсi болып саналады.
Гүлзина Бектасова