«ЕЛБАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕСIГI»

«ЕЛБАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕСIГI»

«ЕЛБАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕСIГI»
ашық дереккөзі
265

Жуырда Қызылорда қаласында Ә.Тәжiбаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханада белгiлi журналист, публицист, Сыр өңiрiнiң тумасы Айтбай Сәулебектiң оқырмандармен кездесуi өттi. Облыс әкiмi Болатбек Қуандықовтың шақыруымен арнайы келген қаламгердiң жақында жарық көрген «Елбасының алтын бесiгi» атты кiтабы осы кездесудiң негiзгi тақырыбы болды.

Оқырман олжасына айналған туынды та­рихи-деректі құндылығымен ерекше бай қа­зына саналады. Бұл туралы облыстық іш­кі саясат басқармасының бастығы Нұр­хан Жәлиев атап өтті. Ең бастысы – кі­тап­та сарабдал еңбек ерекше мазмұн, үй­лесіммен жан-жақты сараланған. Ел Пре­зидентінің Тәуелсіздікпен тамырласып­ жатқан өмірбаяны туралы деректерге бай құрылған.

Автор 1984 жылы Ресей мен Украи­на­ның металлургия зауыттарынан мамандық иге­ріп келген металлургтермен кездеседі. «От жүректі жігіттер» атты көлемді очерк туа­ды. Сол кезде очерк кейіпкерлері өз­де­рімен әріптес болған Нұрсұлтан Назар­баев туралы сыр шертеді. Бүгінгі та­рихи-деректі кітаптың ілкі бастауында Қа­зақ­стан магниткасы тақырыбына түрен сал­ған мақалалары тұр.

Кездесуге құрметті металлургтер Ермек Төлеубаев пен Қуаныш Омашев­ қа­тысты. Олар – Елбасымен жастық күн­дер­ден бірге келе жатқан үзеңгілес достар. Ұмы­тылмас күндерден, қызықты сәттерден шертілген сыр оқырмандар үшін ерекше әсер­лі тарту болды.

«Ол орысша-қазақшаға бірдей жүйрік, сөзге шешен, әнді жақсы айтады. Мен үйленгенде тойымызды басқарып, бәріміздің басымызды қосып тамаша мереке сыйлағаны есімнен кетпейді. Біздің қарым-қатынасымыз әлі күнге дейін үзілген емес», – дейді Ермек Төлеубаев.

«Жұмыстан шаршап-шалдығып шығамыз, – де­ді ендігі сөз кезегінде Қуаныш Омашев. – Демалу қайда, Нұрсұлтан досымыз бәрімізді ки­нотеатрға жинап, өз ойында жүрген бастамаларын ортаға салып, оны қалай жүзеге асыру керектігін айтады. Шаршағаныңды ұмытып, ортақ мүдде жолындағы жұмыстарға еріксіз араласып кететінбіз. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы Елбасының тынымсыз еңбегінің жемісін барша қазақстандықтар көріп отырмыз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен әріптес болып, қоян-қолтық араласқанымыз үшін өзімізді бақытты санаймыз. Ал Қазақстан магниткасының тарихы мен дамуы туралы Айтбай жазған мына кітаптың орны бөлек.

Кездесуде сондай-ақ, республикалық «Дала мен қала» газетінің бас редакторы Сапарбай Парманқұл, А.Сәулебектің ұстазы Ерден Мұқанов сөз сөйледі. Кітап авторы осы сапарға бастамашы болған облыс басшысына алғысын жеткізді.

Қуат ШАРАБИДИНОВ

Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары