«АСТАНА» АЛАҢЫНДА ӘУЕЛЕГЕН ӘН
«АСТАНА» АЛАҢЫНДА ӘУЕЛЕГЕН ӘН
Алматы жұртшылығы Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесiн тайлы-таяғы қалмай, атап өттi. Арнайы жұмыс сапарымен Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» алаңында өткен түрлi ұлттар ұжымының концертiн тамашалап, барша жұртшылықты мерекесiмен құттықтады.Астана алаңында түрлi этно-мәдени орталықтардың өкiлдерi бас қосып, әуездi ән мен күмбiрлi күйден шашу шашты.
Еліміздегі әр ұлт пен ұлыстың салт-дәстүрлерін дәріптейтін шаралар мен түрлі фестивальдер ұйымдастырды. Алаңға арнайы келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын ынтымақ мерекесімен құттықтап, «еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын, бірлігіміз мәңгі жасай берсін» деп тілегін жеткізді.
Мереке барысында, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесі халқымыз үшін игілікті дәстүрге айналғанын атап өтті. «Елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бірлігінің, ұйымшылдығының арқасында біз елеулі табыстарға қол жеткіздік. Тарихи қысқа мерзімде – 20 жылдың ішінде қуатты тәуелсіз ел құрдық, оны бүкіл дүниежүзіне әемлекет жасадық. Олардың ұлтына және діни сенімдеріне қарамастан, достық пен сенім, ынтымақтастық пен ауызбірлік біздің отандастарымыздың барлығына тән. Бұл – біздің бірлігіміздің негізі, біздің тұрақтылығымыз бен рухани күшіміздің қайнар көзі, ертеңгі күнге деген сеніміміз. Біз әр алуан мәдени және тілдік орта алауыздық пен араздыққа себеп бола алмайтынын күллі әлемге көрсеттік. Керісінше, бұл біздің маңызды стратегиялық даму ресурсымыз»,– деді өз сөзінде Елбасы.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы көптеген елдерде соғыс, әлеуметтік, этникалық және аймақтық кикілжіңдер орын алып отырғанда Қазақстан орнықты өсу мен тұрақтылықты орнатып отырғанын да тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізде жаңа жұмыс орындарын ашу, қолжетімді тұрғын үймен қамту жөнінде бағдарлама қолға алынған, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі табысты дамуда. Бұл – біздің идеологиямыз. Бір-бірімізді құрметтеп, сенім мен көмек көрсете отырып, біз кез келген проблеманы шешуге қабілеттіміз. Біздің Отанымыз бір, ол – Қазақстан Республикасы, бізді бір ғана қазақстандық жер біріктіреді. Бізді елімізді гүлдендірсек, өркендетсек деген бір ғана мақсат байланыстырады», – дейді.
Мамырдың алғашқы шуақты күнінде шаһардағы барша ұлт пен ұлыс өкілі өздерінің ұлттық әні мен күйін, өнері мен биін ортаға салды. Мерекелік концерттен соң Нұрсұлтан Назарбаев ұлттар мәдени орталығының көрмесімен танысты. Неміс, өзбек, грек, түрік, қырғыз, балқар бастаған бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері қолөнер мен салт-дәстүр бұйымдарын жайып салды. Елбасы олар үшін естелік сурет қалдырды.
Бұдан кейін Елбасы жаңадан ашылған «Алмалы» деп аталатын еліміздегі тұңғыш жерасты сауда орталығын тамашалады. Аталмыш нысанның құрылысы 2006 жылы басталғаны белгілі. Аталмыш нысанның жалпы аумағы 25 мың шаршы метр жерді құрайды. «Алмалыда» 550 көлік сиятын 10 мың шаршы метрлік көлік тұрағы және 15 мың шаршы метрлік 6 залы бар кинотеатры мен сауда орталықтары бар. Орталық сейсмикалық жағынан да жақсы қауіпсіздендірілген. «Алмалы» жер асты сауда орталығы 10 баллдық жер сілкінісіне шыдас бермек.

Гүлзина Бектасова