513
СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР СҰРАНЫСТА
СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР СҰРАНЫСТА
Шығыс-Қазақстан облысының Курчатов ауданы маңайынан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында оралмандарға 2,2 мың гектар ауылшаруашылығы нысанындағы жер бөлінді. Оралмандар бұл жерлерді суармалы егіншаруашылығы мақсатында пайдаланбақ. Оралмандарды қолдау мақсатында Үкімет қазынасынан суару жүйесінің құрылысын салуға қаржы бөлінеді, ауылшаруашылығы техникаларын жеңілдікпен алу үшін несиелер беріледі. Оралмандар өндірген өнімдерді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік тұрақтандыру қорына сатып алуды жоспарлауда. Курчатов қаласында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша, 4 көпқабатты үй қайта жөндеуден өткізіліп, 300-дей оралман отбасы қоныстандырылған.
«Түркiстан-ақпарат»