ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАРҒАСҚАСЫ

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАРҒАСҚАСЫ

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАРҒАСҚАСЫ
ашық дереккөзі
308

Оның қазақ киносының тарихында өзгеше iзi жатыр. Қазақ режиссурасының алыптарымен бiрге қазақ кино өнерiнде қайталанбас туындыларды дүниеге әкелген Камал Смайыловтың есiмi қазақ мәдениетiнiң тарихында алтын әрiптермен жазулы тұр. Қазақ өнерiне, қазақ журналистикасына өлшеусiз үлес қосқан жан қазақтың мәдениетi мен қазақтың руханияты үшiн аянбай тер төктi. Коммунистiк қоғамның ызғарына қарамастан, кеңестiк идеологияның цензурасынан аттап өтiп, ол Ұлтына қажеттi дүниенi жасап, артына өшпес iз қалдырды.

Ол – қазақ киносын әлемге танытуға мұрындық болды. Ол – қазақ мультфильмінің қалыптасуына күш салды. Олай деуіміздің де өзіндік сыры бар: Орта Азия елдерінің ішінде жаңа өнер саласының тұсауын алғаш кесіп, оның дамуына орасан зор үлес қосты, яғни қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты алғашқы мультфильмі де К.Смайылов­тың тұсында дүниеге келген еді. Белгілі қаламгер, Қазақстан­ның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев қазақтың біртуар ұлы, қазақтың Камалы туралы өзінің естелігінде: «Ұлттық мүдде мен ресми саясат атымен қабыспайтын кереғар жағдайда мәдениет майданында басшылық еткендердің айдарларынан жел есе қоймайтындығы айтпаса да түсінікті. Алайда, соған қарамастан, ұлттық руханиятқа қалтқысыз қызмет ете алған азаматтар ол кезде аз болмады. Олар екі оттың ортасында жүріп, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, өз халқына пайда тигізіп бақты. Бұл оңай шаруа емес еді. Мен сондай жанкешті еңбектің иегер­лері қатарына Камал Сейітжанұлы Смайыловты жатқызар едім.Бұл тек мәртебе қуғандыққа ұқсамайды. Өзі сүйетін іске шексіз берілгендік шығар. Бір кезде өзі бастап берген істің ендігі тағдырына да қабырғасы қайысқандық шығар. Мыңның біреуі емес, мыңнан біреу… Жаратқанның ай­рық­ша мейірімі түскен нысаналы перзенті…» деген екен. Біздің де бүгінгі әңгімеміз Камал Смайылов жайында болмақ. Камал ағаның үзеңгілес досы, бауыры, көп жылдар бойы қазақ киностудиясында бірге қызмет атқарған қаламдас досы, көрнекті жазушы Әкім Тарази Камал аға туралы былай деп сыр шерткен еді.

Серіктес жаңалықтары