«АҚ ЖЕЛКЕН» №4
«АҚ ЖЕЛКЕН» №4
Қазақтың бард әншісі Табылды Досымов Иманғали Тасмағамбетов берген бір түйіншек ақшаны қалай жұмсады? Ізінен аңыз ергізген Табылдының пендауи болмысын білгіңіз келсе, «Ақ желкен» журналының 4-санына назар аударыңыз. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрлан Өтешов өткен тарихымыздан қаншалықты хабардар? «Осы «өтешовшілдер» «садуақасовшылдарды» біле ме екен?» Бұл да «Ақ желкеннен» оқитын қызықты тақырыптарыңыздың бірі. «Жас эстрада «жұлдызы» Қайрат Нұртастың әкесі кім, отбасы бар ма?» деген сауалдарға жауапты да осы журналдан аласыз. Жасөспірімдер әдеттегідей «Ержеттім… Бойжеттім…» айдарынан өздеріне керекті мағлұматпен танысады. Әдебиет сүйер қауым үшін жас ақын Ерлан Жүністің сиясы кеппеген жыр топтамаларын, сондай-ақ Бейбіт Сарыбайдың «Ақтабан» атты хикаятын ұсынып отыр. «Үш қыздың әңгімесі» атты айдар қоғамда болып жатқан мәселелерге жаңаша көзқараста үн қатады.
Айта кетейік, «Ақ желкен» осы саннан бастап 80-бетке көшті. Сондықтан, оқитын қызықты тақырыптар да көп болады. Көз жазып қалмаңыз!