ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҮРКИЯДА ОҚИТЫН БОЛАДЫ
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҮРКИЯДА ОҚИТЫН БОЛАДЫ
Түбі бір түркі елдерінің тыныштығын сақтау мен қазіргі өмірде кеңінен етек жайып, елді дүрліктірген лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында және де екі елдің болашақ тәртіп сақшыларын дайындайтын оқу орындарының заманауи оқу үлгілерінен тәжірибе алмасу ниетте Түркия елінің астанасы Стамбул қаласындағы Түркияның ұлттық жоғарғы полиция академиясының директоры бастаған арнайы делегациясы мамыр айының ортасында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына келді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.Мұсаев осы жылдың сәуір айында біздегі оқу тәртібі мен ерекшеліктеріміз, техникаларымыздың жағдай барысы туралы тәжірбие алмасу мақсатында Түркияның Анкара қаласында болып қайтқан еді.
Анталья және Белек қалаларында өткен 1-ші халықаралық полиция академияларының ассоцияциясының (Интерпа) конференциясына қатысқан біздің әріптестерге Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Д.Мұсаев жетекші болды.Бұл конференцияға әлемнің 48 мемлекетінен өкілдер қатысты.
Конференцияның мақсаты дүние жүзі бойынша қолданыстағы озық тәжірибелерді және ең үздік бағдарламаларды іріктеп алып, полиция кадрларын дайындау жұмыстарын қолданысқа енгізу болып табылады.Болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындаудағы түбегейлі және жан-жақты қамтылған негізгі жүйелерді қабылдап, мамандық мағынасын түсінудің негізгі жұмыстарын қамтуды көздейді. Дәл осы мақсаттағы өткізілген конференция да «Полиция қызметкерлерін дайындау жүйесін салыстыру» деп аталды.
Аталған конференцияда 48 елден келген делегаттар өз елдерінің қолданыстағы тәжірибелерін сарапқа салды. Озық тұста ой бөлісіп, кемшін түскен жерде пікір алмасты. Әріптестердің бір-біріне қояр сұрақтары да көп болып шықты.
Конференцияда айтылар пікір мен алмасар істің көп болғаны соншалық, отырыс алты сессияға бөлініп өткізілді.
Азияның ақ барысына айналар деген үміттегі Қазақстанның атынан шыққан Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы академиясы, Қарағанды академиясы көрші Қытай және Ветьнам мемлекетінің өкілдері өз оқу орындарындағы тыңдаушыны маманға айналдырудағы дайындықтары туралы баяндады.
Бұдан басқа Косово, Сербия, Словакия, Албания , Кипрдегі Түркия, Тунис, Украина, Эфиопия, Сенгал, Судан, Египет т.б. мемлекет өкілдері өз елдеріндегі полицияның орныққан жүйесі мен озық тұстарын, қызмет барысында қолданатын техника, арнайы құралдар, технологияларын айтып, әр ел өз мемлекетіне тиіс жаңашылдықтар енгізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы қызметі туралы конференцияда сөз болды. Аталмыш оқу орнындағы полиция қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау әрі жетілдіру жұмыстарының жетістіктері мен жаңашылдық жолдары туралы қабылданған шаралармен бөлісті.
Ел қауіпсіздігін қамтудағы тиімді бастама мен нақты жоспар аясында, Қазақстан Интерпаға мүшелікке сайланды. Қазақстанның білім беру жүйесіне ерекше қызығушылық танытқан Түрік елі біздің мемлекеттің оқыту бағдарламасымен таныспақ ниетін білдірді.
Конференция соңында болып өткен алты сессияның қорытынды декреті қабылданды. Декретті Интерпа Президенті профессор, доктор Хусейн Чевик аяқтады. Чевик мырза Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы дайындаған баянатын ерекше атап өтті.
Алматыға бейресми іссапармен келген Түркия ұлттық полиция мектебінің директоры мен өкілдері арнайы меморандумға қол қойып, әріптестік ынтымақтастық орнатты. Бұдан былай біздің тыңдаушыларымыз Түркияның арнайы полиция мектебінен 4 жыл оқуға мүмкіндік алды. Туысқан елден сақшы мамандығын алып келген тыңдаушы Отанына оралған соң еш кедергісіз еліне қызмет ете алады.
Қазақстанның егемен ел екенін алғаш мойындап, тілекші болған Түркия елінің меймандос көңілі ерекше. Түбі бір түркі елі білімін танып, тәжірибесімен бөлісуге шақырса, ол Қазақстанның жетістігі деп білген жөн. Еліміздің егемендігі баянды болып, мерейін өсіруде жастарды білім нәрімен сусындату игі іс.
ҚР IIМ Алматы академиясының
қызметкерi