«АҚ БОЗ ҮЙДІҢ» ТАРАЛЫМЫ КӨБЕЙСЕ...
«АҚ БОЗ ҮЙДІҢ» ТАРАЛЫМЫ КӨБЕЙСЕ...
Құрметті «Түркістандықтар»!
Мен Атырау облысы, Мақат ауданының тұрғынымын. Сіздердің газеттеріңізді көптен бері жаздырып алып оқып жүрмін. Еңбектеріңізге рахмет! «Егемен Қазақстанға» хат жазып, 2008 жылы 8 мамырда Мырзагелді Кемелдің «Ақыл-қалтасын» алдым. Ауылдарда кітап дүкені жабылды. Көп адам жұмыссыз. Кітап оларға керек емес. Зейнеткер болған соң, кітапты іздейтін шығармыз. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран», Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» сияқты кітаптарын кітапханалардан іздейміз. «Жұлдыз» журналын жаздыртып оқып жүрмін.
Жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үйін» оқып, риза болдық. Менің бір ұққаным, «Ақ боз үй» қазақтың «Тихий Доны» екен. Осындай кітаптардың таралымын 20 мыңға жеткізсе, қазақ оқырманын патриот етіп тәрбиелеуге септігі тиер еді-ау деп ойлаймын.
Біздің ауылда Сәлімжан Нақбаев деген азаматты 4 жылға соттады. Қате шешім шығарды. Дұрыстық, шындық жоқ. Қоғамда ештеңені дәлелдей алмаймыз. «Кімде ақша көп болса, сол ақылды» деген қағида пайда болды. Қылмыс көп, жұмыссыздық белең алып барады. Он миллион қазақты елу мың теңгелік жұмыспен қамтамасыз етсе, бізге жарар еді. Сонда қылмыс та азаяр еді. Адамдар да еңбек етіп, тіршілікпен айналысар еді.
Мақат стансасы