459
БІЗ НЕДЕН СЕСКЕНЕМІЗ?
БІЗ НЕДЕН СЕСКЕНЕМІЗ?
Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асып барады. Осы уақыт ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан еңбегінің арқасында Қазақстан дүниежүзіне әйгілі ел болды. Мұны осылай десек те, бізде шешілмеген мәселенің біреуі, біздің бұрынғы өткен хандарымыз бен батырларымыз атаусыз қалып барады. Мәселен Петропавлды – Кенесары хан, Павлодар – Қасым хан, Семейді – әз Жәнібек, Өскеменді – Абылай хан, Риддерді – Д. Қонаев деп неге атамасқа?!
Батырларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіров сынды батырлардың есімін бір-бір ауданға немесе кішігірім қалаларға беруге болады ғой. Бұл ұлттық патриотизмді насихаттауға, жастарымызды елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге септігі тиер еді.
Тасмұрат СЛАМОВ,
ҚазҰТУ-дiң доцентi