ЖУРНАЛИСТЕР «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» АЛДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» АЛДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» АЛДЫ
ашық дереккөзі
458

Жуырда Қазақстан журналистика академиясы жаңа мүшелерін қабылдады. Сонымен бірге, қаламы қарымды журналистерге «Алтын жұлдыз» сыйлығы табыс етілді.

Журналистика академиясы құрамына биылғы жылы «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибрайым, «Новая газета — Қазахстанның» бас редакторы Амантай Дандығұлов және «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі Сергей Понамарев кірді.

Ал баспасөз беттерінде айтулы жетістіктерге жеткен журналист, баспагерлерге берілетін дәстүрлі «Алтын жұлдыз» сыйлығына биыл «Алматыкітап» баспасының басшысы Элеонора Баталова, «Егемен Қазақстан» гезетінің шолушысы Айнаш Есали және Павлодардың облыстық газетінің фототілшісі Владимир Бугаев ие болды.

Сондай-ақ жиында Журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қозыбаевтың «Журналист – ардақты ат» атты кітабының тұсаукесері болды. Аталмыш шара барысында Қазақстан журналистерінің күні туралы да мәселе көтерілді. Академия Елбасына тілшілер мерекесін, «Түркістан Уәлаятының» бірінші саны шыққан – 10 мамыр күні атап өту туралы ұсыныстарын жолдамақ.

«Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болған қаламы қарымды әріптестеріміздің бірі, «Егемен қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш ЕСАЛИДЫҢ: «Мұндай сыйлыққа жету үшін көп жұмыс істеу керек. Табаны тозып, елге пайдам тисе екен, қоғамға көмегім болса екен деген журналистердің бәріне осындай «Алтын жұлдыз» тілеймін. Сыйлық алу үшін өмір сүрмейміз, бірақ өзіңнің еңбегіңнің еленгені, әрине, керек. Ол бізді қуантады» деген қуанышы да жоқ емес.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары