«СЕНIҢ КҮНIҢ, ДОНОР!»
«СЕНIҢ КҮНIҢ, ДОНОР!»
«Қазақстан аруы-2011» қан тапсырған әр адамның бетінен сүйеді». Осындай адамды қызықтырарлық сөздер бүгін Республикалық қан орталығында болған іс-шараның барлық жарнамалық өнімдерінде болды. Естір құлаққа жағымды бұл сөздер журналистер үшін әдейі ұйымдастырылған «тұзақ» емес. Бұл – «Сенің күнің, донор!» шерулік шарасының жалғасы.
10 мамырда басталған шара толық бір айға жалғасады. Акция барысында 1000 литр қан жинау және барлық донорларды тегін тексеруден өткізу жоспарлануда. Ұйымдастырушылардың ойынша, мұндай шаралар ерікті донор болу дәстүрін қайта жандандырады. «Донорлық – бұл қаржы салуды талап етпейтін, қайрымдылықтың бір түрі, – дейді «Бауыржан» Қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбекова, – Және аталған шараның көмегімен, біз, біздің қоғамда кем дегенде бір әлеуметтік мәселе шешілсе екен дейміз».
Бір ай бойы «Сенің күнің, донор!» шерулік шарасымен Республикалық қан орталығына еркін түрде қан тапсыратындар өз өмірлерінің бір бөлшегін бере отырып, кішкентай балалардың өмірін сақтап қалмақ. Шара басталған уақыттан бастап мұндай қайырымдылық бастамадан Мәслихат, Мәжіліс және Сенат депутаттары, сондай-ақ Қазақстан әртістері де қалыс қалмады.
Бүгінгі шараның басты кейіпкері «Қазақстан аруы – 2011» атағының иегері, әсем ару Төлеуова Айнұр болды. Бір қараған адам бойжеткенді тым нәзік деп ойлауы мүмкін, алайда Қан орталығына келген сәттен бастап-ақ Айнұр онкологиялық аурумен науқастанған балалар үшін міндетті түрде қан тапсыруым керек деген болатын. Бірақ ару қыздың салмағы 50 келіге жетпейтіндігін, әрі жасы 18-ге толмағандығын ескере отырып, дәрігерлер оған қан тапсыруға тыйым салды. «Бүгін осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, – дейді ол, – Өкінішке қарай, өзіме донор болуға рұқсат бермеді, бірақ мен «Сенің күнің, донор!» акциясымен бірге барлық адамдарды қан тапсыруға және кішкентай бүлдіршіндерге көмектесуге шақырамын».
Келген кісілердің арасында «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының хатшысы Ерлан Қарин де болды. «Балалар үшін ешнәрсені аямаймыз, қанымызды да – деп өз ойымен бөлісті Е.Қарин. – Дәл осы ару донор болуыма себепші болғанын да айта аламын».
«Бүгін донор атанып, ертеңгі күнге үміт сыйла!» – дәл осы ұранмен «Бауыржан» Қайырымдылық қоры «Beeline» компаниясымен бірге осы мәселеге тұрғындардың назарын аударту мақсатында, осымен үшінші рет «Сенің күнің, донор!» акциясын өткізіп отыр.
Республикалық қан орталығының директоры Бекиров Дилявердің айтуынша, шара басталған уақыттан бастап қан тапсыру орталығында донорлардың саны айтарлықтай артқан. «Жақыныңа көмек қолын созу ойымен өмір сүру керек, – дейді ол. – Бұл ой қоғамды нығайтуы, оны біріктіруі мүмкін. Ал донорлық мәселесінде салауатты өмір салтын ұстанудың элементі деп қарауға болады. Сонымен қатар «Бауыржан» Қайырымдылық қорына және Жұлдыз Омарбековаға жүздеген адамның өмірін сақтап қалған жобасы үшін алғысымды білдіремін».